Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы № 491/73 "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 102/15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 7479-14 болып тіркелді

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" № 491/73 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7169 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 102/15 шешіміне
қосымша
  Ақсу қалалық мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 491/73 шешіміне
3- қосымша

Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді мынадай объктілерге іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде өткізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады