Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 491/73 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 7169 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1-1. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Алынып тасталды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының сессия төрағасы А. Тугельбаев
      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 491/73 шешіміне
1-қосымша

Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жана редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Ақсу қаласы, Абай көшесі, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешеннің алдындағы алаң;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақсу қаласы, Абай көшесі, Калинин көшесінен Ертіс көшесіне дейін.

  Ақсу қалалық мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 491/73 шешіміне
2-қосымша

Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жана редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Ақсу қаласы, Абай көшесі бойынша орналасқан Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешеннің алдындағы алаң, шекті толу нормасы –200 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты:Ақсу қаласы, Абай көшесі, Калинин көшесінен Ертіс көшесіне дейін, шекті толу нормасы - 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ақсу қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Ақсу қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
23 желтоқсандағы № 97/14
шешіміне 3-қосымша

Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 97/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда 09.02.2024 № 102/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      Пикеттеуді мынадай объктілерге іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде өткізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады