Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Oсы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Мукашев |
КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысының әкімдігі
_______________ А. Байханов
2024 жылғы "___" __________
Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 197/22 шешіміне 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 29.05.2025 № 325/34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу каласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі- ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистика органдарымен есептелген шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін Баянауыл ауданының әкімінің шешімімен және Баянауыл ауданының ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
3) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
8) 1 қазан – Қарттар күні;
9) 25 қазан – Республика қүні;
10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органкелесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) атаулы күндер мен мереке күндеріне орай біржолғыәлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Мемлекеттік корпорацияныңтізімі негізінде көрсетіледі:
15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне:
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5000000 (бес миллион) теңге сомасында, сондай-ақ 10 АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ҰОСжылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесібар мүгедектергі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан – Республика күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
2) кірістерін есепке алмай, біржолғы әлеуметтік көмек:
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегіуәкілетті органның тізімі негізінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тұрғын үйді жөндеуге және коммуналдык қызметтер бойынша шағындары өтеуге100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға) Мемлекеттік корпорацияның тізімі, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжатты, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш ненізінде;
он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар баланы емдеуге және заңды өкілдің мүгедіктігі бар баланмен санаториялық-курорттық емделуге еріп жүруіне үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде кепілдендірілген құнының 70 % (жетпіс пайызы) мөлшерінде;
Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде бірінші топтағы мугедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емделуге және жеке көмекшінің еріп жүруіне 65 (алпыс бес) АЕК мөлшерінде;
мүгедектігі бар балаларға Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде отын сатып алуға;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына, бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) қатты отын сатып алуға 24 (жиырма төрт) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, өтініш негізінде аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шартта, оқу жылындағы нақты құны мөлшерінде;
3) кірістерін есепке алмай тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен); бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отыры пөтініш ненізінде 12 (он екі) АЕК мөлшерінде (коммуналдык қызметтерге);
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде;
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарының, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ауылдық округ әкімдіктерінің тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға ( гемодиализ емшарасын алушыларға) 15 (он бес) АЕК мөлшерінде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш ненізінде.
8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мынадай негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
8-1. Кірістерін есепке алмай, біржолғы әлеуметтік көмек:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін),дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты (алты айға жарамды),жылжымайтын мүліктің жоқ (немесе бар) екендігі туралы анықтаманы,екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны,дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған мүліктің фото суретін қоса бере отырыпөтініш негізіндедүлей апат салдарынан зиян келген (меншігінде бірден астамтұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарды (отбасын) қоспағанда)дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған азаматтарға (отбасына) 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты (алты айға жарамды), екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған мүліктің фото суретін қоса бере отырып өтініш негізінде өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келген (меншігінде бірден астамтұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарды (отбасын) қоспағанда) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған азататтарға (отбасына) 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде пробация қызметінің есебінде болуы, бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат негізінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде қатерлі ісіктері бар адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде "жұйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде қант диабетінен зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде балалардың церебралдық параличі ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде ревматизм ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар кәсіпорнының денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, өтініш не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың болуы фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде нерв жүйесінің дегенерациялық ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім бойынша, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжаты, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде орфандық ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде.
8-2. Кірістерін есепке алмай ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізімі негізінде амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізімі негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін балаларға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенең төменгі күнкөріс шегінің екі еселеген мөлшерінде;
8-3. Кірістерін есепке ала отырып біржолғы әлеуметтік көмек:
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Баянауыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына уақтылы жүгінген жүкті әйелдерге жүктілігі бойынша он екі аптаға дейін есепке қою үшін (әлеуметтік көмек алуға) үміткер отбасы құрамындағы жиынтық табысы есептеу кезінде ата-аналарын (асырап алушыларын) және олардың асырауындағы адамарды есерке алу он сегіз жасқа толмаған балалар), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде 16,5 (он алты бүтін оннан бес) АЕК мөлшерінде.
8-4. Кірістерін есепке ала отырып жартыжылдықта 1 рет берілетін біржолғы әлеуметтік көмек:
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде Баянауыл аудан әкімінің гранты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге, оқуды аяқтағанға дейін нақты оқу ақысының көлемінде.
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігімен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқандайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысыныцң әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
3 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-20 тамтақтарына сйкес айқындалады.
12. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
13. Жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және банктік шотын көрсете отырып әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген кодтардың халықаралық сыныптамасына сәйкес электрондық түрде береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" № 429 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары электронды түрде ұсынады.
Бірнеше санатқа жататын адамдарға әлеуметтік маңызы бар ауру болған жағдайда әлеуметтік көмек әр негізде төленеді.
14. Қазақстан Республикасында бір реттік әлеуметттік көмектің бір түрі бойынша бірдей төлем кезенділігімен біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.
Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуына байланысты жағдайдаәлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру мерзімі оқиға болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмейді.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
15. Мынадай:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған
жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Баянауыл ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
17. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған
жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
18. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
19. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
20. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне Үлгілік қағидалардың 28-32 тармақтарына сәйкес бастама жасайды.
21. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 – шы күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға екінші деңгейдегі банктер мен "Қазпочта" АҚ жағдайында жүргізілген әлеуметтік көмек төлемдері туралы ақпаратты жібереді.
Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 197/22 шешіміне 2-қосымша |
Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5197 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 шілдедегі "Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау кағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 184/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау кағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 289/50 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6645 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Баянауыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі "Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау кағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 107/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27802 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы "Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 25/05 "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау кағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 40/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7363-14 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).