Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 22.08.2024 № 197/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 09 тамызда № 5197 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
9-тармағының 2) тармақшасы келесі мазмұндағы 2-7), 2-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-7) осы Қағиданың 8-тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көрсетілген санаттарына тіс протездеу үшін 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы стоматолог-дәрігері берген анықтама негізінде;
2-8) осы Қағиданың 8-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санатына сауықтыру үшін 5 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мүгедек мәртебесін растайтын құжаттар негізінде".
9 тармақтың 4-4) тармақшада:
"1" деген сан "5" деген санымен ауыстырылсын;
10-тармағының 1) тармақшасы келесі мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-4) осы Қағиданың 8-тармақтың 8-4) тармақшасында көрсетілген санаты үшін басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда 50000 (елу мың) теңге мөлшеріне дейін, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |