Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 289/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6645 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 197/22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 22.08.2024 № 197/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 25/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5197 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Баянауыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      2-тармақтың 9) тармақшада "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Павлодар облысы бойынша департаментінің Баянауыл аудандық бөлімшесі;" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Баянауыл ауданының бөлімі;" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 4-7) тармақшада "6" деген сан "10" деген санымен ауыстырылсын;

      10-тармақтың 1-2) тармақшада "5" деген сан "10" деген санымен ауыстырылсын;

      10-тармақтың 1-4) тармақшада "50000 (елу мың) теңге мөлшеріне дейін" деген сөздер мен сандар "25 АЕК мөлшерінде" деген сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын;

      9-тармағының 4) тармақшасы келесі мазмұндағы 4-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "осы Қағиданың 8-тармақтың 7-2) тармақшасында көрсетілген санатына гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге 15 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны растау анықтамасы негізінде.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады