Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/249 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау;
17-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;".
2. "Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгеріс туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |