"Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 желтоқсанда № 1793-02 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1750 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      8-бөлімнің 24-тармағы алынып тасталынсын.

      25, 26, 27 және 28 тармақтары мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "25. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      26. Осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін қалыптастыру тәртібі "Отбасы банк" акционерлік қоғамы мен Алматы қаласының әкімдігі арасындағы келісіммен айқындалады.

      27. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      4) осы Қағиданың 24-тармағының 16) тармақшасында көрсетілген тұлғалар транскрипті "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалар баламасын ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      28. Осы Қағиданың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 8 декабря 2023 года № 73 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы"

Решение очередной XXIV сессии маслихата города Алматы от 29 ноября 2024 года № 169. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 4 декабря 2024 года № 1793-02

      Маслихат города Алматы РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Алматы от 8 декабря 2023 года № 73 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1750) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      в пунктах 24, 25, 26, 27 и 28 раздела 8 внесены изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Алматы М. Отыншиев