"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы |
№ 172 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 болып тіркелген);
2. "V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 "2013 жылға арналған "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 219 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1042 болып тіркелген);
3. "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 289 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1517 болып тіркелген).