Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясының 29.11.2024 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2013 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 591-бабына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
аталған шешімнің қосымшасындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын (ЕҚТА) пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері".
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XХХVІІ сессиясының төрағасы |
Н. Мұхамед-Рахимов |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |