Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 116 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 мамырда № 5191-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Махамбет ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 452 "Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4747 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Мажиев

  Махамбет аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
4 мамырдағы № 116 шешіміне
1-қосымша

Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Махамбет селосы, А.Тұржанов көшесінде орналасқан "Жастар саябағы".

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:

      Махамбет ауылы, Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл көшесінен бастап "Жастар саябағы" А.Тұржанов көшесіне дейін.

      2. Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      3. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      4. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Махамбет ауылы, А.Тұржанов көшесінде орналасқан "Жастар саябағы", шекті толу нормасы 300 адам;

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл көшесінен бастап "Жастар саябағы" А.Тұржанов көшесі дейін,шекті толу нормасы 300 адам.

      6. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      7. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      8. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      9. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      10. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.

  Махамбет аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
4 мамырдағы № 116 шешіміне
2-қосымша

Махамбет ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

      Махамбет ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Решение Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 4 мая 2024 года № 116. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 13 мая 2024 года № 5191-06

      В соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Махамбетский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний и порядок использования, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Махамбетском районе, согласно приложению 1, к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий объектов, в которых не допускается проведение пикетирования в Махамбетском районе, согласно приложению 2, к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение маслихата Махамбетского района от 29 сентября 2020 года № 452 "О проведении мирных собраний в Махамбетском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4747).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата К. Мажиев

  Приложение 1 к решению
Махамбетского районного
маслихата от 4 мая 2024
года № 116

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и порядок использования, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Махамбетском районе

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Махамбетском районе:

      1) "Молодежный парк" расположенный на улице А.Тұржанова села Махамбет.

      2) Маршрут следования для проведения мирных собраний:

      Начиная от пересечение улицы Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл до "Молодежный парк" на улице А.Тұржанова села Махамбет.

      2. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Махамбетском районе разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон).

      3. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      4. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      5. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Махамбетском районе:

      1) "Молодежный парк" расположенный на улице А.Тұржанова села Махамбет, норма предельной заполняемости 300 человек;

      2) маршрут следования для проведения мирных собраний: Начиная от пересечение улицы Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл до "Молодежный парк" по улице А.Тұржанова села Махамбет, норма предельной заполняемости 300 человек.

      6. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированном месте для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      7. В случае если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      9. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      10. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9:00 и заканчиваться позднее 20:00 в день проведения мирных собраний.

  Приложение 2 к решению
Махамбетского районного
маслихата от 4 мая 2024
года № 116

Границы прилегающих территорий объектов, в которых не допускается проведение пикетирования в Махамбетском районе

      На территории Махамбетского района не допускается проведение пикетирования ближе 800 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.