Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 452 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 4747 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 04.05.2024 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Рахметов
      Мәслихат хатшысы М. Мырзашев

  Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 452 шешіміне қосымша

Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

      1. Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:


р/с

Арнайы орындар

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

Шекті толу нормасы

1

А.Тұржанов көшесіндегі жастар паркі

1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 30 тұрақ орындары (2 кіру, 2 шығу);

300 адамнан астам емес

2

Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл және А.Тұржанов көшелерінің қиылысынан бастап, А.Тұржанов көшесінің бойындағы Жастар паркіне дейін

1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 20 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу);

300 адамнан астам емес

      2. Махамбет ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

      1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;

      2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

      3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады