"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылқоға аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қызылқоға ауданының әкімі | К. Азмуханов |
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 62 Қаулысына қосымша |
Қызылқоға аудандық әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3765 болып тіркелген);
2. "Қызылқоға аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 137 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3920 болып тіркелген);
3. "Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 300 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 болып тіркелген);
4. "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Қызылқоға аудандық әкімиятының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 80 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-5-126 болып тіркелген);
5. "Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жерүлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы" Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы №339 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-5-118 болып тіркелген);
6. "Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 237 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-5-111 болып тіркелген).