Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық, селолық округ әкімдері халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етсін.
2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде мыналар:
1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, олардың шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеу арқылы олардың еңбегіне ақы төлеу жөнінде шарттар жасасады;
2) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында ауылдық, селолық округ әкімдері әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды;
3) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады;
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;
5) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 20 000 теңгеге тең;
6) жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына бюджет қаражатын аударуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді;
7) әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған тұлғаның еңбегіне ақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.
3. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 239 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-5-113 тіркелген, 2009 жылғы 15 қазандағы "Қызылқоға" газетінің № 42 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Б. Сәрсенғалиев |
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 11 тамыз № 154 қаулысымен бекітілген |
1. "Ветсервис Тұлпар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2. "Нұр" шаруа қожалығының төрағасы.
Ескерту. Өзгерту енгізілді - Қызылқоға аудандық әкімиятының 2010.08.11 № 154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.