Қызылқоға аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 137 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 3920 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3765 тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтарда аудандық "Қызылқоға" газетінде № 4 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы";

      2) қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Олжағалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады