Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 339 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарында N 4-5-118 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан тұрғындарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда отбасының жиынтық табысын есептеген кезде азаматтардың жеке иелігіндегі 2 бас мүйізді ірі қара, 5 бас қой мен ешкі малдарын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындалсын.

      2. 1-тармақта белгіленген мал басы санынан артық малдың әр басының өнімі бұрынғы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Ережесіне сәйкес статистика органдары беретін бағалармен отбасының жиынтық табысына кіріс болып есептелінсін.

      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық, селолық округ әкімдері тұрғындар арасында осы қаулыға байланысты түсінік жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады