"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Индер ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Уразгалиев |
Индер ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 қаулысына қосымша |
Индер ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелді);
2. "Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3911 болып тіркелді);
3. "Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4001 болып тіркелді).