Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 278 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 4001 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 60 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелген, 2017 жылы 5 қаңтардағы "Дендер" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Индер аудандық ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы";

      2) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұнндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде Индер аудандық ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің орынбасары Д. Шамұратовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Арыстан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады