Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 60 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелген, 2017 жылы 5 қаңтардағы "Дендер" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:1) қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы";
2) қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Балахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Арыстан |