"Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 205 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/66-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы

Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 270 бірлескен қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 14/189-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 6635-13 болып тiркелдi

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 205 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/66-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6351-13 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Жетісай ауданы Жаңа жол ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 74,36 гектар, Қарақай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,34 гектар, Қазыбек би ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жетісай қаласының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1373,43 гектар шекарасында белгіленсін.".

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды
      Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Абишов

О внесении дополнения в совместное постановление акимата Туркестанской области от 20 сентября 2023 года № 205 и решение Туркестанского областного маслихата от 11 сентября 2023 года № 5/66-VIII "Об изменении и установлении границ Жетысайского, Мактааральского районов Туркестанской области и их сельских округов"

Совместное постановление акимата Туркестанской области от 24 декабря 2024 года № 270 и решение маслихата Туркестанской области от 13 декабря 2024 года № 14/189-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 25 декабря 2024 года № 6635-13

      Акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Туркестанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в совместное постановление акимата Туркестанской области от 20 сентября 2023 года № 205 и решение Туркестанского областного маслихата от 11 сентября 2023 года № 5/66-VIII (Зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6351-13) "Об изменении и установлении границ Жетысайского, Мактааральского районов Туркестанской области и их сельских округов" следующее дополнение:

      пункт 1 указанного совместное постановления и решения дополнить подпунктом 13) следующего содержания:

      "13) Изменить границы города Жетысай Жетысайского района, путем передачи 74,36 гектара земель сельскохозяйственного назначения сельского округа Жаңа жол, 2,34 гектара земель сельскохозяйственного назначения сельского округа Каракай и 0,36 гектара земель сельскохозяйственного назначения сельского округа Казыбек би Жетысайского района в границы города Жетысай, установив общей площадью 1373,43 гектаров.".

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Туркестанской области и решения Туркестанского областного маслихата возложить на курирующего заместителя акима Туркестанской области.

      3. Настоящее совместное постановление акимата Туркестанской области и решение Туркестанского областного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Туркестанской области Д. Сатыбалды
      Председатель Туркестанского областного маслихата Н. Абишов