"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша:
1) Жетісай ауданының шекарасына Мақтаарал ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін қосу арқылы және Мақтаарал ауданының шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін беру арқылы Жетісай ауданының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 104542,29 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасына Мақтаарал ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін қосу арқылы және Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 74,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына, Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін Мақтаарал ауданының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 8818,10 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,34 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 8288,21 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 9057,28 гектар шекарасында белгіленсін;
5) Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 336,13 гектар жерлерін Асықата кентінің шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 7477,71 гектар шекарасында белгіленсін;
6) Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 612,04 гектар жерлерін Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2898,44 гектар шекарасында белгіленсін;
7) Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасына Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 612,04 гектар жерлерін қосу арқылы Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 10005,26 гектар шекарасында белгіленсін;
8) Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің шекарасына Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,51 гектар жерлерін қосу арқылы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 13499,19 гектар шекарасында белгіленсін;
9) Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,51 гектар жерлерін Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 11839,43 гектар шекарасында белгіленсін;
10) Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 9924,83 гектар болып белгіленсін;
11) Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 10507,4 гектар болып белгіленсін;
12) Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 10870,73 гектар болып белгіленсін.
2. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша:
1) Мақтаарал ауданының шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін қосу арқылы және Жетісай ауданының шекарасына Мақтаарал ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін беру арқылы Мақтаарал ауданының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 80855,71 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін қосу арқылы және Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін Жетісай ауданының шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 11501,97 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Мақтаарал ауданы Еңбекші ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 98,0 гектар жерлерін Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Еңбекші ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 6395,87 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 62,0 гектар жерлерін Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 10031,91 гектар шекарасында белгіленсін;
5) Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 20,98 гектар жерлерін Мақтаарал ауданы Атакент кентінің шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 5993,63 гектар шекарасында белгіленсін;
6) Мақтаарал ауданы Мақтарал ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 150,35 гектар жерлерін Атакент кентінің шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауданы Мақтарал ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 17949,81 гектар шекарасында белгіленсін;
7) Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 5,48 гектар жерлерін Мақтаарал ауданы Атакент кентінің шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 5700,22 гектар шекарасында белгіленсін;
8) Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 5402,45 гектар болып белгіленсін;
9) Мақтаарал ауданы Иіржар ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 9211,7 гектар болып белгіленсін;
10) Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 7921,8 гектар болып белгіленсін.
3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |