Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 205 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/66-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6351-13 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Жетісай ауданы Жаңа жол ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 74,36 гектар, Қарақай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,34 гектар, Қазыбек би ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жетісай қаласының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1373,43 гектар шекарасында белгіленсін.".
2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |