Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Түркістан облысы Арыс қаласының Жиделі және Монтайтас ауылдық округтері елді мекендерінің шекарасы өзгертілсін:
1) Жиделі ауылдық округі Жиделі елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 93,63 гектар қоса отырып, Жиделі ауылдық округі Жиделі елді мекенінің жалпы ауданы 248,36 гектар шегінде өзгертілсін;
2) Монтайтас ауылдық округі 42 разъезд елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 36,03 гектар қоса отырып, Монтайтас ауылдық округі 42 разъезд елді мекенінің жалпы ауданы 49,85 шегінде өзгертілсін;
3) Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 95,68 гектар қоса отырып, Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекенінің жалпы ауданы 151,28 гектар шегінде өзгертілсін;
2. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысының және Арыс қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Сұлтановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
Арыс қалалық мәслихат төрағасы | К. Ахметов |