Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 15 қарашадағы №29/153-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30577 болып тiркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат төрағасы | К. Ахметов |
Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27/157-VІІІ шешіміне 1 қосымша |
|
Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы №29/153-VII шешіміне қосымша |
Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Арыс қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27/157-VІІІ шешіміне 2 қосымша |
|
Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы №29/153-VII шешіміне қосымша |
Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
9) қандастар;
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
13) толық емес отбасылар:
14) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
15) "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар".