Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №14/9 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4169 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
"8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше реттерде Грамотамен наградтау туралы мәселені Ордабасы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының келісімімен Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
"11. Грамотаны Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы немесе ол уәкілдік берген тұлғалар Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Ордабасы ауданында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Б. Джумабеков |