Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 14/9 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 24 шілдеде № 4169 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Қоса тіркелген Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ғ.Зиябек
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Садвахасо

  Ордабасы аудандық
мәслихатының 2017 жылғы 30
маусымдағы № 14/9 шешімімен
бекітілді

Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

      1. Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

      2. Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Ордабасы ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Ордабасы аудандық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Ордабасы аудандық мәслихатының депутаттары, Ордабасы ауданының әкімі, Ордабасы ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Ордабасы ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Ордабасы ауданының ауыл округтері әкімдері, Ордабасы ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың аудан алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.

      5. Ордабасы аудандық мәслихатына келіп түскен ұсынымды алдын-ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Ордабасы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

      6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.

      7. Грамотамен наградтау туралы шешім Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Ордабасы аудандық мәслихатының сессиялары және тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Ордабасы аудандық мәслихатының хатшысымен қаралуы және шешілуі мүмкін.

      9. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан халқына жеткізіледі.

      10. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.

      11. Грамота Ордабасы аудандық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Ордабасы ауданында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.

      Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады