Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 14/9 "Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 тамыздағы № 18/2 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 6 тамызда № 6569-13 болып тіркелді

      Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №14/9 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4169 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше реттерде Грамотамен наградтау туралы мәселені Ордабасы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының келісімімен Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "11. Грамотаны Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы немесе ол уәкілдік берген тұлғалар Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Ордабасы ауданында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады