Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі №27/8-05 "Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2657 болып тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешімімен бекітілген Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің 8 және 11 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Түлкібас аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін;
11. Грамота Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасымен немесе ол уәкілдік берген тұлғалармен Түлкібас аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түлкібас ауданында өткізілген ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |