Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 27/8-05 "Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 22/4-08 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 тамызда № 6572-13 болып тіркелді

      Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі №27/8-05 "Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2657 болып тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      Осы шешімімен бекітілген Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің 8 және 11 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Түлкібас аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін;

      11. Грамота Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасымен немесе ол уәкілдік берген тұлғалармен Түлкібас аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түлкібас ауданында өткізілген ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Х. Байысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады