"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |