"Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 135 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 маусымда № 9036-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады