Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі N 80 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 мамырда N 3925 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 135 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.06.2024 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "1" сәуірдегі
№ 80 қаулысымен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Үлгі қағидалар білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту кезінде бірыңғай тұрғыда қарауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және білім беру ұйымының өзге де заңды өкілдерінің оларға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен және Білім беру ұйымы ішкі тәртіп қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі

      4. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидалары:
      білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтарының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге заңды өкілдермен өзара іс-әрекет етуін;
      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайдың жасалуын;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу мен аяқталу уақытын, олардың арасындағы үзілістерді;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығын; оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібін көздейді.
      5. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен танысуының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады