Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңының 7-1- бабына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылға Глубокое ауданы бойынша аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесі бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы | А. Калигожин |