2024 жылға арналған Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 12/8-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 маусымда № 9031-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңының 7-1- бабына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылға Глубокое ауданы бойынша аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесі бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады