"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтай ауданының мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 28/3-V "Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 болып тіркелген);
2) Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 7 наурыздағы № 45/9-VI "Зырян ауданының мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 28/3-V "Зырян ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5773 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат төрағасы | Л. Гречушникова |