Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы N 28/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде N 3229 болып тіркелді.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 07.03.2019 № 45/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 07.03.2019 № 45/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1..Зырян ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Зырян ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Пантелеев

Зырян ауданының


мәслихат хатшысы

Г. Денисова


  Зырян ауданының мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28/3-V шешіміне
1-қосымша

Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 07.03.2019 № 45/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 қаулысымен бекітілген, бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Алтай ауданының қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Алтай ауданының қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Алтай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтай ауданының мәслихаты бекіткен санына сәйкес ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің болек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Зырян ауданының мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28/3-V шешіміне
2- қосымша

Алтай ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 07.03.2019 № 45/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)

1000 дейін

10 дейін

1000 -нан 1500 дейін

10-15

1500 -ден 3000 дейін

15-20

3000 -нан 5000 дейін

20-25

5000 -нан 10000 дейін

25-35

20000 -нан 50000 дейін

35-55


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады