Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 16/7-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 маусымда № 9040-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданының мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 28/3-V "Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 болып тіркелген);

      2) Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 7 наурыздағы № 45/9-VI "Зырян ауданының мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 28/3-V "Зырян ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5773 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады