"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 14-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 43-н/қ бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлгінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9959 болып тіркелген).
2. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген).
3. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 556 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12017 болып тіркелген).
4. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 557 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12018 болып тіркелген).
5. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14061 болып тіркелген).
6. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14062 болып тіркелген).
7. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31670 болып тіркелген).
8. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31669 болып тіркелген).
9. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32285 болып тіркелген).
10. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32286 болып тіркелген).
11. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 25 бұйрығы.