"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 сәуірде № 32286 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:

      1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

      2) Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;

      3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге;

      Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

      жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейін көлемде - литріне 295 теңге.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады