БҰЙЫРАМЫН:
1. "Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7-1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;
2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен алу енеді.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Қабылдауға eGov Mobile қосымшасындағы Bilim сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушы жазылады. Сәтті жазылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаудан бір күн бұрын және қабылдау күні еске салумен күні расталған смс-хабарлама жіберіледі.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден кейін көрсетілетін қызметті берушінің мамандары ұсынылған білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтер, білім беру бағдарламасының түрі көрсетілген жазбаша қорытындыны әзірлейді, мәліметтер "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесіндегі ПМПК модуліне енгізіледі.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2, 3 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасымен бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін анықтайды.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
8, 9, 10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын жүргізеді. Психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінгі аралықты құрайды.
9. Курс аяқталғаннан кейін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандардың командалық бағалауы негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы қорытындымен анықтама, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарында осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін ата-аналарға (заңды өкілдерге) ұсыныстары бар анықтама беріледі.
10. Психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамаға, қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) берілетін ұсыныстары бар анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы аяқталған күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.
11. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
Осы бұйрықтың 3-қосымшасымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының тізбесіне 1-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация; |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні жүгінген күні белгіленеді. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз/проактивті түрінде |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қорытынды немесе 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие. |
______________________________________
білім беру ұйымының атауы
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Құрметті ______________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сізге 20__жылғы "___"__________ тексеруден өту қажеттігін еске саламыз.
Тексеру түрі: _______________________
бастапқы/қайталама
Өткізу орны: ____________________________________________
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация атауы
Ұйым мекенжайы: _______________________
Телефон: _________________
Құжаттарды қабылдаған күн: ___________________________
Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы
________________________________________
мекенжайы
Телефон _________________________
__________________________________берілді
баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ол "____" ____________ 20___ жылы тексеруден өтті.
1. Қорытынды _______________________________________
2. Білім беру бағдарламасы және ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша
ұсынымдар: ______________________________________
_____________________________
Қорытынды ___________________ дейін жарамды
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы
_____________
Мамандар ____________________
____________________.
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары) |
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары; |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) қызмет көрсету мерзімі – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама; |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие. |
____________________ білім беру ұйымының атауы
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Құрметті _____________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сізге психологиялық-педагогикалық қолдау курсын алу үшін балаңызбен
мына мекенжай бойынша келу қажеттілігі туралы еске саламыз:
_________________________________
ұйымның мекенжайы
Телефон: ____________________
Күні: ____________________
Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________ .
АНЫҚТАМА
20 __ жылы "__" _____ туған ___________________________________,
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________
(аутизм орталығының атауы)
20 __ жылғы "__" __________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін
келгені туралы берілді.
Қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру
үшін ұсыныстар
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
______________________________________
Білім беру ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мөр орны
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізуарналары) |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары; |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
Қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. Портал/www.edu.gov.kz-те тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінд еэлектрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие. |