"Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 наурызда № 35772 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

      7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7-1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;

      2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен алу енеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.

      Қабылдауға eGov Mobile қосымшасындағы Bilim сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушы жазылады. Сәтті жазылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаудан бір күн бұрын және қабылдау күні еске салумен күні расталған смс-хабарлама жіберіледі.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден кейін көрсетілетін қызметті берушінің мамандары ұсынылған білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтер, білім беру бағдарламасының түрі көрсетілген жазбаша қорытындыны әзірлейді, мәліметтер "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесіндегі ПМПК модуліне енгізіледі.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2, 3 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 2-қосымшасымен бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін анықтайды.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      8, 9, 10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын жүргізеді. Психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінгі аралықты құрайды.

      9. Курс аяқталғаннан кейін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандардың командалық бағалауы негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы қорытындымен анықтама, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарында осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін ата-аналарға (заңды өкілдерге) ұсыныстары бар анықтама беріледі.

      10. Психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамаға, қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) берілетін ұсыныстары бар анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы аяқталған күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.

      11. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Осы бұйрықтың 3-қосымшасымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасында:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының тізбесіне 1-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларында:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
қызмет көрсетудің негізгі
талаптардың тізбесіне
2-қосымша

"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;
"электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz;
www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні жүгінген күні белгіленеді.
Портал, сонымен қатар проактивті түрде жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындалады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минутан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз/проактивті түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қорытынды немесе 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
Проактивті түрде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру қорытындысының дайын болғаны және eGov Mobile қосымшасының Bilim сервисінде сақталатыны туралы хабарлама болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталдың/www.edu.gov.kz-те тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы" № 052/е нысаны;
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері. 1), 2) тармақшалардағы құжаттар түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, салыстырылған соң түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде:
1) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі көшірмесі;
2) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалардың статистикалық есебі үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес № 052/е нысанды "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы";
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.
Резидент болып табылмайтындарға:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) баланың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
4) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалардың статистикалық есебі үшін) (бар болса).
1), 2) және 3) тармақшалардағы құжаттар түпнұсқада және көшірме түрінде көрсетіледі, салыстырылған соң түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) баланың жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі;
2) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі;
3) мүгедектігі туралы қорытындының электронды көшірмесі (бар болса);
4) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электронды көшірмесі (үйде оқитын балалардың статистикалық есебі үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес № 052/е нысанды "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы";
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.
Баланың туу туралы куәлігін, мүгедектігі туралы мәліметтерді, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
3-қосымша

      ______________________________________

      білім беру ұйымының атауы

      Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама

      Құрметті ______________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сізге 20__жылғы "___"__________ тексеруден өту қажеттігін еске саламыз.

      Тексеру түрі: _______________________

      бастапқы/қайталама

      Өткізу орны: ____________________________________________

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация атауы

      Ұйым мекенжайы: _______________________

      Телефон: _________________

      Құжаттарды қабылдаған күн: ___________________________

      Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
6-қосымша

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы

      ________________________________________

      мекенжайы

      Телефон _________________________

      __________________________________берілді

      баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ол "____" ____________ 20___ жылы тексеруден өтті.

      1. Қорытынды _______________________________________

      2. Білім беру бағдарламасы және ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша

      ұсынымдар: ______________________________________

      _____________________________

      Қорытынды ___________________ дейін жарамды

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы

      _____________

      Мамандар ____________________

      ____________________.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Дамуында проблемалары
бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсетудің негізгі
талаптардың тізбесіне
1-қосымша

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары)

психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары;
"электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz;
www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) қызмет көрсету мерзімі – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама;
аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары - қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ұсыныстары бар анықтама;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.
Проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі анықтаманың дайын болғаны және eGov Mobile қосымшасының Bilim сервисінде сақталатыны туралы хабарлама болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған. Портал/www.edu.gov.kz-те тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Резидент болып табылмайтындарға:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) баланың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) баланың жеке басын куәландыратын құжатының электронды көшірмесі;
3) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатының электронды көшірмесі;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Дамуында проблемалары
бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша

      ____________________ білім беру ұйымының атауы

      Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама

      Құрметті _____________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сізге психологиялық-педагогикалық қолдау курсын алу үшін балаңызбен

      мына мекенжай бойынша келу қажеттілігі туралы еске саламыз:

      _________________________________

      ұйымның мекенжайы

      Телефон: ____________________

      Күні: ____________________

      Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________ .

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Дамуында проблемалары
бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидасына
4–1-қосымша

      АНЫҚТАМА

      20 __ жылы "__" _____ туған ___________________________________,

      (баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________

      (аутизм орталығының атауы)

      20 __ жылғы "__" __________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін

      келгені туралы берілді.

      Қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру

      үшін ұсыныстар

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      ______________________________________

      Білім беру ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін
оқытуды ұйымдастыру үшін
құжаттар қабылдау"
көрсетілетін мемлекеттік
қызметтің негізгі
талаптарының тізбесіне
1-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізуарналары)

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары;
"электронды үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz; www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
Қағаз түрінде/проактивті түрде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
2) бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.
Проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үйде оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. Портал/www.edu.gov.kz-те тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінд еэлектрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуғамүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады