1. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Оқуға түсетін адам әскери колледждің қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға "Әскери колледжге және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі" деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады не "ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжат топтамасын қоса тіркейді.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Қабылдау жылының 10 маусымына дейін жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге азаматтар қатарынан оқуға түсетін адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына не "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш жасайды.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қабылдау кезеңінде жалпы орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында орналастырылады, негізгі орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында заңды өкілдерінің рұқсатымен орналастырылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.";
35-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжде оқитын адам үшінші оқу курсына ауысқан кезде өзі оқитын негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.";
36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36-1. Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.";
38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Оқуға түсетін адам әскери институтқа оқуға түсу үшін осы Қағидаларға "Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі" деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын қабылдау комиссиясына ұсынады не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтінім береді.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Азаматтар әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы ЖОО басшысының атына өтінішпен жүгінеді.";
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"41-1. Мерзімді әскери қызмет өткеретін (өткерген), әскери оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар қатарынан оқуға түсетін адам мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей не әскери қызмет өткеру кезеңінде және ол оқуға түскен жылы 24 (жиырма төрт) жасқа толмаса (Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес), қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының, бөлім командирінің атына не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтінішпен жүгінеді.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.";
76-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген бас тарту үшін негіз анықталғанда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.";
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 7, 7-1, 7-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Азаматты оқуға қайта қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) азамат әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының атына немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған өзі таңдаған ӘОО-ға қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді. Қайта қабылдау туралы өтінішке транскрипт қоса беріледі;";
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжатты ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні оның өтінішін қабылдаудан бас тартады, ал портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бас тарту туралы ақпарат жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі арқылы беріледі, ал электрондық түрде көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 2, 2-1, 2-2-қосымшалармен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
1. Еркін нысандағы оқуға қабылдау туралы өтініш немесе оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
2. Жеке куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. Оқуға түсетін адам 16 (он алты) жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады.
3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).
4. Орта (толық) білім туралы аттестат не техникалық және кәсіптік білім алу туралы диплом, негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін – негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
5. ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген (өткеретін) адамдарды қоспағанда) ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтижесі кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл).
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (бұдан әрі – 075/у нысаны) және ӘОО-ға келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі:
жалпы қан талдауы;
мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);
жалпы зәр талдауы;
мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы;
12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша);
кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүргізіледі;
бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар);
амбулаториялық пациенттің медициналық картасы;
профилактикалық екпе картасы.
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшқыш мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:
физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография;
қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі;
қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;
дыбыстық аудиометрия;
электроэнцефалография.
7. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
8. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
9. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда):
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады.
11. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда).
12. Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына қосымша:
-әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | "ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау" |
2. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі |
1. Жергілікті әскери басқару органы мен әскери оқу орны. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | күнтізбелік 200 күннен аспайды (1 қаңтар – 20 шілде) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі | Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда өндіріп алу тәсілі | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. |
9. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Портал арқылы өтініш жасаған кезде: |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігін ескеріп, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Өтініш
Мен "____"______ ____ туған ҚР азаматы __________________________.
Сізден мені "_____________________________________________" оқуға түсу үшін кандидаттар тізіміне қосуыңызды және маған қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуіңізді сұраймын.
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-1-қосымша |
"Тіркеу нөмірі" №__________________________
"Өтініш берілген күн" ____________
Әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы хабарлама
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
оның________________________________________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны туралы берілді.
Әскери оқу орнының бастығы
_______________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
_______________________________________
(әскери атағы, инициалдары мен тегі)
Орындаушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ___________________
Сіз ағымдағы жылғы "__" ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту үшін
ӘОО-ға келуіңіз қажет.
Өзіңізбен бірге:
1. Орта (жоғары) білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі болуға тиіс.
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-2-қосымша |
Әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы хабарлама
_______________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
Сізге __________________________________________________________
___________________________________________ сәйкес Әскери оқу орнына
оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
Қызметті көрсетуден бас тарту себебі:
_______________________________________
(егжей-тегжейлі себеп)
Әскери оқу орнының бастығы
____________________________________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
_______________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалдары мен тегі)
Орындаушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ______________________________________
Бұйрыққа 4-қосымша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына 1-қосымша |
Өтініш
Мен "____"______ туған ҚР азаматы _______________________________.
Сізден мені "__________________________________________________" оқуға қайта
қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына 2-1-қосымша |
Әскери оқу орнына қайта қабылдауға бас тарту туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орнына қайта қабылдау
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
Сізге ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
сәйкес Әскери оқу орнына қайта қабылдауға бас тарту туралы хабарлаймыз.
Қызметті көрсетуден бас тарту себебі: _______________________________________
(егжей-тегжейлі себеп)
ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы
_____________________________________________________________________
__________________________________________
(әскери атағы, инициалдары мен тегі)
Орындаушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ___________________
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына 2-2-қосымша |
"Тіркеу нөмірі" №_____________________________
"Өтініш берілген күн" ____________
Әскери оқу орнына қайта қабылдау туралы хабарлама
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
оның _______________________________________________________________
(әскери оқу орнының атауы) ____-курсының ___семестрінен әскери оқу орнына оқуға
қайта қабылданғаны туралы берілді.
Сіз қабылдану үшін ағымдағы жылғы "__" ___ дейінгі мерзімде ӘОО-ға келуіңіз қажет.
Өзіңізбен бірге жеке куәлік, академиялық анықтама немесе транскрипт болуға тиіс.
ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы
_______________________________________
(әскери атағы, инициалдары мен тегі)
Орындаушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ___________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.