"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 сәуірде № 35934 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2025 жылғы 3 сәуірдегі
№ 162 Бұйрығына
қосымша

"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжатттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібін айқындайды.

      2. "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеу) осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, бірыңғай байланыс орталығы мен көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді жүзеге асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық реттелген жиынтығы;

      2) ғылыми тағылымдама – "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда ғалымдардың тағылымдамадан өтуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы – үміткер, "Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) талаптарға сай және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      4) көрсетілетін қызметті беруші – ұйым, шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы;

      5) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы және ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);

      6) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы);

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.

      Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ғылым және білім саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      5. Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб – порталы (бұдан әрі - портал) арқылы не тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне "Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш береді.

      6. Өтінішті қарау мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді), көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша құжаттар топтамасын өңдеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

      2) портал (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді).

      7. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша жүгінгенде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жұмыс органдары бекіткен мерзімдер кезеңінде өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын қолма - қол қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне (бұдан әрі – орындаушы) жібереді.

      Орындаушы оларды көрсетілетін қызметті берушінің порталында (ақпараттық жүйесінде) тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау және өтініш келіп түскен күні қатысуға рұқсат беру туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталдың жеке кабинеті (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжатын қарау нәтижелері бойынша құжат қабылдау және конкурсқа қатысуға жіберу туралы хабарлама не оларды әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші бекітілген мерзім кезеңінде конкурстық іріктеу үшін және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысына деректер қоры мен қажетті шығыс құжаттарын дайындайды.

      11. "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.

      12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      13. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.

      14. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді не өзге де әкімшілік іс-әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      19. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Ғылыми тағылымдамадан өту
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
қосымша

"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1)құжаттар топтамасы қабылданған күннен бастап көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді), көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша құжаттар топтамасын өңдеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;
2) портал (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді)

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2)портал (ақпараттық жүйе) – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамының интернет-ресурсында: https:// bol asha k. gov. kz

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті беруші арқылы заңды мекенжайы бойынша жүгінген кезде:
1) "Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің нысандарын және үміткердің сауалнамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 378 бұйрығымен (бұдан әрі - № 378 бұйрық) бекітілген 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен ғылыми тағылымдамадан өтуге жұмыс берушінің өтінімі;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) № 378 бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің толтырған сауалнамасы;
4) ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) және (немесе) бейін бойынша доктор дәрежесі, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқығанда – білім туралы құжатты тану туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
5) Іріктеу қағидаларында бекітілген талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
7) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
8) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 21579 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың түпнұсқасы (шетелге шығатындар үшін);
10) үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық шарттарды қоспағанда) растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (есеп-қисабын толық көрсетіп) көрсетілген, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттың көшірмесі;
11) ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы немесе "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі;
12) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі.
Үміткер портал (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген жағдайда:
1) № 378 бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен ғылыми тағылымдамадан өтуге жұмыс берушінің өтінімінің электрондық көшірмесі;
2) № 378 бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің толтырған және порталда (ақпараттық жүйеде) автоматты түрде қалыптастырылған сауалнамасы;
3) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқығанда – білім туралы құжатты тану туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
4) Іріктеу қағидаларында бекітілген талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының электрондық көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді;
6) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
7) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
8) № 21579 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығатындар үшін);
9) үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық шарттарды қоспағанда) растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (есеп-қисабын толық көрсетіп) көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттың электрондық көшірмесі;
10) ғылыми нәтижелердің тізімінің электрондық көшірмесі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы немесе "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі;
11) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1)мемлекеттік қызметті алу үшін үміткер ұсынған құжаттың және (немесе) Іріктеу қағидаларына сәйкес олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (мәліметтердің) Іріктеу қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкессіздігінің анықталуы;
3)"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Үміткер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, үміткер мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар

Ұялы байланыс операторы ұсынған үміткердің абоненттік нөмірін ақпараттық жүйенің есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал (ақпараттық жүйе) арқылы немесе бір реттік куәландырылған пароль арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алады.


Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 162. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 апреля 2025 года № 35934

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок" согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инновации
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 3 апреля 2025 года № 162

Правила оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок" (далее – Правила) разработаны в соответствии подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок оказания государственной услуги по приему документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок.

      2. Государственная услуга "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок" (далее – государственная услуга) оказывается акционерным обществом "Центр международных программ" (далее – услугодатель).

      3. Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан, в течение трех рабочих дней с даты (государственной регистрации в органах юстиции соответствующего нормативного правового акта) внесения изменения и (или) дополнения в настоящие Правила, актуализирует их и направляет оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", Единый контакт-центр и услугодателя.

      4. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) информационная система - организационно упорядоченная совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      2) научная стажировка – стажировка ученых в ведущих зарубежных организациях высшего и (или) послевузовского образования, научных центрах и иных организациях в целях развития профессиональных компетенций по избранному направлению научных исследований, за исключением стажировки в рамках международной стипендии "Болашак";

      3) услугополучатель – претендент, гражданин Республики Казахстан, соответствующий требованиям, утвержденным приказом исполняющего обязанности министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 "Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33308) (далее – Правила отбора) и принимающий участие в конкурсе;

      4) услугодатель – организация, осуществляющая комплекс мероприятий по международным программам подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров за рубежом, в том числе по международной стипендии "Болашак";

      5) Республиканская комиссия по подготовке кадров за рубежом – консультативно-совещательный орган при Президенте Республики Казахстан, созданный в целях реализации мероприятий по вопросам международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак" и прохождения научных стажировок (далее – Республиканская комиссия);

      6) рабочий орган Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом – уполномоченный орган в области науки и высшего образования (далее – рабочий орган);

      7) веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме;

      8) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

      При внесении изменений и (или) дополнений в настоящие Правила в части оказания государственной услуги уполномоченный орган в сфере науки и высшего образования в течение трех рабочих дней после государственной регистрации нормативного правового акта информирует Единый контакт-центр услугодателя, оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" о внесенных изменениях и (или) дополнениях.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      5. Для приема документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок физические лица (далее – услугополучатель), подают услугодателю посредством веб-портала "электронного правительства" (далее – портал) либо напрямую в канцелярию услугодателя заявление с приложением документов, предусмотренных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок" (далее – перечень), согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      6. Срок рассмотрения заявления составляет:

      1) при обращении к услугодателю со дня регистрации пакета документов –2 (два) рабочих дня (день подачи пакета документов входит в общий срок), максимально допустимое время обработки пакета документов по юридическому адресу услугодателя – 60 (шестьдесят) минут;

      2) при обращении через портал (информационную систему) –2 (два) рабочих дня (день подачи пакета документов входит в общий срок).

      7. При обращении услугополучателя (либо представителя по нотариально заверенной доверенности) по юридическому адресу услугодателя сотрудник канцелярии услугодателя в период утвержденных рабочим органов сроков, осуществляет регистрацию заявления и направляет для нарочного приема пакета документов к сотруднику структурного подразделения услугодателя осуществляющего прием документов (далее - исполнитель).

      Исполнитель осуществляет их регистрацию в портале (информационной системе) услугодателя и выдачу расписки услугополучателю о приеме пакета документов и допуске к участию в день поступления заявления, либо при предоставлении услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком отказывает в приеме документов.

      При обращении услугополучателя через личный кабинет портала (информационную систему) отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      8. По результатам рассмотрения представленных документов услугополучателя направляется уведомление о приеме документов и допуске к участию в конкурсе либо мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрений.

      9. При устранении услугополучателем причин отказа в оказании государственной услуги услугополучатель обращается повторно для получения государственной услуги.

      10. Услугодатель в период утвержденных сроков осуществляет подготовку базы данных и необходимых выходных документов для конкурсного отбора и на заседание Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом.

      11. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок" приведен в приложении к настоящим Правилам.

      12. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации.

      13. При сбое информационной системы услугодатель незамедлительно с момента обнаружения уведомляет сотрудника структурного подразделения услугодателя ответственного за информационно-коммуникационную инфраструктуру.

      14. Ответственный сотрудник за информационно-коммуникационную инфраструктуру составляет протокол о технической проблеме и подписывает его услугодателем.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц в процессе оказания государственной услуги

      15. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      16. Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо иное административное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      17. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес непосредственно оказывающего государственную услугу услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      18. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      19. Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке согласно пункту 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам оказания
государственной услуги
"Прием документов для участия
в конкурсе на прохождение
научных стажировок"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок"

Наименование государственной услуги

"Прием документов для участия в конкурсе на прохождение научных стажировок"

1

Наименование услугодателя

акционерное общество "Центр международных программ"

2

Способы предоставления государственной услуги

прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:
1) канцелярия услугодателя;
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz

3

Срок оказания государственной услуги

1) при обращении к услугодателю со дня приема пакета документов –2 (два) рабочих дня (день подачи пакета документов входит в общий срок), максимально допустимое время обработки пакета документов по юридическому адресу услугодателя – 60 (шестьдесят) минут;
2) при обращении через портал (информационную систему) –2 (два) рабочих дня (день подачи пакета документов входит в общий срок).

4

Форма оказания государственной услуги

электронная (частично автоматизированная)/бумажная.

5

Результат оказания государственной услуги

уведомление о допуске к участию в конкурсе либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги. На портале результат оказания государственной услуги направляется и хранится в "личном кабинете" услугополучателя.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

бесплатно

7

График работы услугодателя

1) услугодатель – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан;
2) портал (информационная система) – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлении и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адрес места оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе акционерного общества "Центр международных программ" https://bolashak.gov.kz.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

при обращении услугополучателя (либо представителя по нотариально заверенной доверенности) через услугодателя по юридическому адресу:
1) заявку работодателя на прохождение научной стажировки с условием сохранения места работы по форме, согласно приложению 1, утвержденной приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 378 "Об утверждении форм заявки работодателя на подготовку специалиста с условием сохранения места работы и анкеты претендента для участия в конкурсе на прохождение научной стажировки" (далее – приказ № 378);
2) документ, удостоверяющий личность услугополучателя и (или) электронный документ из сервиса цифровых документов (требуется для идентификации личности);
3) заполненную анкету претендента для участия в конкурсе на прохождение научной стажировки по форме, согласно приложению 2, утвержденной приказом № 378);
4) оригинал и копию документа о наличии ученой степени доктора наук и (или) кандидата наук, степени доктора философии (PhD) и (или) доктора по профилю, степень магистра (оригиналы после сверки возвращаются претенденту), а также при бучении в зарубежной организации образования – удостоверение о признании документа об образовании либо иного документа о признании документа об образовании с учетом особенностей, установленных пунктом 8 статьи 39 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
5) программу прохождения научной стажировки, составленную в соответствии с требованиями Правила отбора, и утвержденную работодателем и согласованную зарубежной организацией, принимающей на стажировку;
6) оригиналы и копии документов, подтверждающие трудовую деятельность, а также выписку о перечисленных обязательных пенсионных взносах за требуемый согласно настоящим Правилам период трудовой деятельности (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
7) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по государственному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
8) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по иностранному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
9) оригинал медицинской справки (для выезжающего за границу) по форме № 072/у, утвержденная приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579) (далее – приказ № 21579);
10) копия документа, подтверждающего безусловное приглашение (за исключением финансовых условий) зарубежной организации, принимающей на стажировку претендента, с указанием проводимого научного исследования, сроков, стоимости (с расшифровкой расчетов) прохождения научной стажировки с нотариально засвидетельствованными переводами на государственный или русский язык;
11) список научных результатов (не менее одной статьи или обзора, индексируемых в международных базах данных Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) или не менее 1 статьи в отечественных или в зарубежных научных изданиях, включенных в Список 1 или Список 2 Перечня научных изданий, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 "Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13409) и (или) международной заявки Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс);
12) копия действительного официального свидетельства об аккредитации, выданный уполномоченным органом в области науки;
При обращении претендента через портал (информационную систему):
1) электронная копия заявки работодателя на прохождение научной стажировки с условием сохранения места работы по форме, согласно приложению 1, утвержденной приказом № 378;
2) анкета претендента для участия в конкурсе на прохождение научной стажировки, по форме, согласно приложению 2, утвержденной приказом № 378, заполненная претендентом и автоматически сформированная на портале (информационной системе);
3) электронная копия документа о наличии ученой степени доктора наук, кандидата наук, степени доктора философии (PhD), доктора по профилю, магистра, а также, при обучении в зарубежной организации образования – электронная копия удостоверения о признании документа об образовании либо иного документа о признании документа об образовании с учетом особенностей, установленных пунктом 8 статьи 39 Закона Республики Казахстан "Об образовании";
4) электронная копия программы прохождения научной стажировки, составленную в соответствии с требованиями, утвержденными Правилами отбора и утвержденную работодателем и согласованную зарубежной организацией, принимающей на стажировку;
5) электронные копии документов, подтверждающие трудовую деятельность, а также выписку о перечисленных обязательных пенсионных взносах за требуемый согласно настоящим Правилам период трудовой деятельности;
6) электронная копия действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по казахскому языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям;
7) электронная копия действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по иностранному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям;
8) электронная копия медицинской справки (для выезжающего за границу) по форме № 072/у, утвержденная приказом № 21579;
9) электронная копия документа, подтверждающего безусловное приглашение (за исключением финансовых условий) зарубежной организации, принимающей на стажировку претендента, с указанием проводимого научного исследования, сроков, стоимости (с расшифровкой расчетов) прохождения научной стажировки с нотариально засвидетельствованными переводами на казахский или русский язык;
10) электронная копия списка научных результатов (не менее одной статьи или обзора, индексируемых в международных базах данных Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) или не менее 1 статьи в отечественных или в зарубежных научных изданиях, включенных в Список 1 или Список 2 Перечня научных изданий, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 "Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13409) и (или) международной заявки Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс);
11) копия действительного официального свидетельства об аккредитации, выданный уполномоченным органом в области науки.
Сведения о документах, удостоверяющих личность услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установления недостоверности документов, представленных претендентом для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них в соответствии с Правилами отбора;
2) установления несоответствия услугополучателя и (или) представленных документов и (или) данных (сведений) требованиям установленным Правилам отбора;
3) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги;
При устранении претендентом причин отказа в оказании государственной услуги, претендент обращается повторно для получения государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал (информационную систему) при условии наличия ЭЦП или посредством удостоверенного одноразовым паролем, в случае регистрации и подключения абонентского номера претендента, предоставленного оператором сотовой связи к учетной записи.
Услугополучатель получает информацию о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета", а также по телефону Единого контакт-центра 1414, 8-800-080-7777.