"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 162 Бұйрығына қосымша |
"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжатттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібін айқындайды.
2. "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеу) осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, бірыңғай байланыс орталығы мен көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді жүзеге асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық реттелген жиынтығы;
2) ғылыми тағылымдама – "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда ғалымдардың тағылымдамадан өтуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы – үміткер, "Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) талаптарға сай және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
4) көрсетілетін қызметті беруші – ұйым, шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы;
5) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы және ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
6) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы);
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.
Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ғылым және білім саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
5. Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб – порталы (бұдан әрі - портал) арқылы не тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне "Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш береді.
6. Өтінішті қарау мерзімі:
1) құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді), көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша құжаттар топтамасын өңдеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;
2) портал (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді).
7. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша жүгінгенде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жұмыс органдары бекіткен мерзімдер кезеңінде өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын қолма - қол қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне (бұдан әрі – орындаушы) жібереді.
Орындаушы оларды көрсетілетін қызметті берушінің порталында (ақпараттық жүйесінде) тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау және өтініш келіп түскен күні қатысуға рұқсат беру туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың жеке кабинеті (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжатын қарау нәтижелері бойынша құжат қабылдау және конкурсқа қатысуға жіберу туралы хабарлама не оларды әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші бекітілген мерзім кезеңінде конкурстық іріктеу үшін және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысына деректер қоры мен қажетті шығыс құжаттарын дайындайды.
11. "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.
12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.
14. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
16. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді не өзге де әкімшілік іс-әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
19. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына қосымша |
"Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі
№ | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1)құжаттар топтамасы қабылданған күннен бастап көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді), көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша құжаттар топтамасын өңдеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті беруші арқылы заңды мекенжайы бойынша жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1)мемлекеттік қызметті алу үшін үміткер ұсынған құжаттың және (немесе) Іріктеу қағидаларына сәйкес олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар |
Ұялы байланыс операторы ұсынған үміткердің абоненттік нөмірін ақпараттық жүйенің есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал (ақпараттық жүйе) арқылы немесе бір реттік куәландырылған пароль арқылы электрондық нысанда алады. |