"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 32) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрдің міндетін атқарушысы |
К. Акатов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрдің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 06.05.2024 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 32) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) ғылыми тағылымдамадан өту үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.08.2024 № 402 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімші – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым;
2) ғылыми тағылымдама – "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда ғалымдардың тағылымдамадан өтуі;
2-1) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ұйымның ғылыми бөлімшелерінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
3) еңбек қызметі (еңбекпен өтеу) – өтінімі бойынша конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілген жұмыс берушіде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми зерттеудің таңдалған бағыты бойынша нақты еңбек өтілін жүзеге асыру бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау процесі;
4) жұмыс беруші – жұмыскер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, оның филиалы, өкілдігі;
5) кепілдік хат – тағылымдамадан өту және визаны рәсімдеу үшін конкурс жеңімпаздарына әкімші беретін, шығыстарды жабу міндеттемесіне кепілдік беретін ресми хат;
6) кешенді тестілеу – зияткерлік қабілеттер, тұлғалық-іскерлік құзыреттілік, шетелде оқуға психологиялық әзірлік деңгейін айқындау бойынша тестілеу;
7) конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
8) конкурс жеңімпазы – осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан өткен, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес ғылыми тағылымдама тағайындалған үміткер;
9) сараптама комиссиясы – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы жанындағы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына (бұдан әрі – конкурс) қатысатын үміткермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
10) үміткер – осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
11) шартсыз шақыру – ғылыми тағылымдамадан өту мерзімін көрсете отырып, тағылымдамаға ақы төлеу туралы шарттарды қамтитын, ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуге ресми шақыру;
12) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы және ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
13) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Ғылыми тағылымдама ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулер шеңберінде жүзеге асырылады.
Тізбе Заңның 20-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын ғылымды дамытудың басым бағыттарына сәйкес, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.
Ғылыми тағылымдамалардың арақатынасы тағайындалатын ғылыми тағылымдамалардың жалпы санынан жаратылыстану-техникалық блок бойынша – кемінде 60 %, қоғамдық-гуманитарлық блок бойынша – 40 %-дан аспайды.
Құжат қабылдау мен конкурс өткізу мерзімін жыл сайын жұмыс органы бекітеді және жұмыс органының ресми интернет-ресурсында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жариялайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Жұмыс органы бекітетін конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуі ғылыми зерттеулердің таңдалған бағыты бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне (бұдан әрі – тізім), кіретін шетелдік ұйымдарда, жұмыс органының шешімі бойынша жеке тәртіппен айқындалған өзге де шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.10.2024 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және мына шығыстарға ақы төлеуді қамтиды:
1) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;
2) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету;
3) үміткерлер үшін кешенді тестілеу жүргізу;
4) сараптама комиссиясы мүшелерінің үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізуі;
5) визаны (консулдық алым) ресімдеу, ұзарту;
6) ғылыми тағылымдамадан өту;
7) ғылыми тағылымдама өтетін елдің, конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін жүзеге асыратын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге ұйымдардың талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтер;
8) тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға, тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыс нормалары туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдама өтетін елде тұру, тамақтану және оқу әдебиетін сатып алу;
9) ғылыми тағылымдама өтетін елдің және (немесе) шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;
10) жазатайым жағдайлардан және аурулардың кенеттен пайда болуынан шетелдік азаматтар үшін көзделген медициналық сақтандыру;
11) ғылыми тағылымдамалар тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін және кері қарай жол жүру;
12) ғылыми тағылымдамадан өту жөнінде қызметтер көрсету шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары.
6. Шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен өзге ұйымдар, шетелдік әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттар және/немесе өзге ақпарат негізінде тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға арналған шығыстар нормалары, сондай-ақ конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін жол жүретін көліктің түрі мен класы осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
7. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі осы Қағидаларға 4-қосымшада орналасқан. Бұл ретте шет тілін білудің ең төмен деңгейі шетелдік ұйымның талаптарын ескерумен айқындалады.
2-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау тәртібі
8. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер:
1) ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі; философия докторы (РhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор дәрежесі, магистр дәрежесі;
2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ескере отырып, барлық талап етілетін кезеңге міндетті зейнетақы аударымдарының есептелгенін растай отырып, заңды тұлғалар болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде мамандандырылған ғылыми бағыттың таңдалған саласында соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілі;
3) үміткерді жүргізілетін ғылыми зерттеуге сәйкес ғылыми тағылымдамаға қабылдайтын, тізбеге кіретін шетелдік ұйымның шартсыз шақыруы (қаржылық шарттарды қоспағанда);
4) осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес деңгейде қазақ және шет тілдерін білу туралы жарамды ресми сертификаты;
5) Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласы немесе шолуы немесе "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаласы және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі бар;
Scopus (Скопус) және (немесе) Web of Science (Веб оф сайнс) дерекқорларында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың индекстелуі бұзушылыққа байланысты тоқтаған кезде үміткердің осы журналдағы барлық мақалалары ескерілмейді;
6) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының талаптарын ескере отырып, ғылыми зерттеудің таңдалған бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтудің және кейіннен еңбекпен өтеудің жиынтық мерзімдері бар ғылыми қызметкер болып табылады.
Ғылыми тағылымдамадан өту шеңберінде алынған ғылыми зерттеудің таңдалған бағыты бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру жөніндегі шарттағы міндеттемелерді орындамаған Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өтіп, еңбекпен өтеу бойынша шарттағы міндеттемелерді орындамаған адамдар ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Ғылыми тағылымдамадан өту бір рет жүзеге асырылады.
Құжат тапсыру сәтінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша шарттағы міндеттемелерді орындамаған адамдар ғылыми тағылымдамадан өтуді тағайындау үшін конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Бұрын тағайындалған ғылыми тағылымдамадан өтуді пайдаланбаған және тағылымдамадан өтуге кіріспеген адамдарға, әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда, ғылыми тағылымдамадан өтуді тағайындау үшін конкурсқа қатысуға қайтадан мүмкіндік беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер әкімшіге мына құжаттарды ұсынады:
1) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткердің толтырылған сауалнамасы;
2) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі;
3) паспорт және жеке куәліктің түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
4) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану туралы куәлігі не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаты;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін, тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
8) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
10) ғылыми зерттеулердің бағыттарын, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімін, құнын (есеп-қисабы толық жазылған) көрсете отырып, үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық жағдайларды қоспағанда) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармаларымен бірге көшірмелері;
11) ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласы немесе шолуы) немесе бұйрықпен бекітілген және (немесе) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаласы және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі;
12) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
13) үміткер құжаттарын өзі тапсыра алмаған жағдайда өкілге нотариалды куәландырған сенімхаты.
Үміткер ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің сауалнамасының үлгілік нысанын толтыру кезінде осы Қағидалардың ережелерімен танысқандығын растайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Үміткер құжаттарды белгілеген құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде әкімшіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және (немесе) қағаз нысанда ұсынады.
Ұсынылған құжатты қарау нәтижесі бойынша үміткерге құжаттың қабылданғаны және конкурсқа қатысуға рұқсат берілгені туралы немесе құжаттың жеке тәртіппен қарау үшін жұмыс органына жіберілгені туралы жазбаша хабарлама не оларды қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.
Құжатты қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Құжатты толық көлемде ұсынбау оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттар осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойғаннан кейін оларды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде құжатты қайта ұсыну рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін үміткердің және оның құжаттарының осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкестігін қарауды әкімші жүзеге асырады.
13. Құжаттарды қабылдау немесе конкурстан өту кезеңінде әкімші көрінеу жалған мәліметтердің ұсынылғанын анықтаған жағдайда үміткер ағымдағы жылы конкурсқа жіберілмейді.
3-тарау. Ғылыми тағылымдаманы тағайындауға үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру мен жүргізу және оны өткізу тәртібі
14. Конкурс 3 (үш) турдан тұрады.
15. Бірінші және екінші турларды әкімші Қазақстан Республикасының ұйымдарымен және сараптамалық комиссияның мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырады және өткізеді.
Бірінші турда кешенді тестілеу жүргізіледі, бұл келесі турға өтуге рұқсат беретін іріктеу туры болып табылады. Бірінші турдың қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеудің саралау кестесінде белгіленген шекті балды жинамаған үміткер екінші турға қатысуға жіберілмейді.
Екінші турды әкімші сараптамалық комиссия мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырады және өткізеді, онда үміткердің кәсіби даярлық деңгейі, теориялық білімі және таңдаған мамандану саласында кәсіби құзыретінің болуы айқындалады.
Екінші турда үміткерлер сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес әңгімелесуден өтеді. Жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сараптамалық комиссия құрамын, жұмыс тәртібін және ұйымдастырылуын бекітеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Әкімші бірінші және екінші турлардың өтетін жерін, күні мен уақытын айқындайды және ол туралы үміткерді электрондық пошта және (немесе) телефон байланысы арқылы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Сараптамалық комиссия жұмыс органы бекіткен нысан бойынша әрбір үміткер жөнінде ұсыным береді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Жұмыс органы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеудің саралау кестесін ескере отырып, кешенді тестілеу нәтижелерімен және сараптамалық комиссияның ұсынымдарымен, үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауына үшінші турға енгізеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарайды және ғылыми тағылымдаманы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, бұл туралы үміткерге ақпарат әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарланады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Республикалық комиссияның шешімімен ғылыми тағылымдамадан өтуінен бас тартылған үміткерлер келесі күнтізбелік жылға оларды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде ғылыми тағылымдамаға шыққан жағдайда ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуға жіберіледі.
4-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі
21. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде үлгілік нысан бойынша әкімшімен осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген ғылыми тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.
Шартта міндетті түрде мыналар бар:
1) шарттың нысанасы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуіне жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі оның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі;
4) ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі мен шарттары;
5) шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуді аяқтағаннан кейін конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және конкурс жеңімпазы қай жұмыс берушінің өтінімі бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілген болса, сонда кемінде 3 (үш) жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы туралы талап;
6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы талап;
7) конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы салдарынан орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы талап;
8) жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтау міндеттілігі туралы талап;
9) ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынудың міндеттілігі туралы талап қамтылуға тиіс.
Ғылыми тағылымданы іске асырумен байланысты шарттар әкімшінің орналасқан жері бойынша жасалады.
22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасалмаған, конкурсқа қатысу үшін көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған, ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы орындалмаған, ғылыми тағылымдамадан оралғаннан кейін үздіксіз еңбек қызметі (еңбекпен өтеу) жүзеге асырылмаған, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда әкімші белгіленген тәртіппен тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді қоса алғанда, Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап конкурс жеңімпазына жұмсалған шығыстарды өтету арқылы Республикалық комиссияның ғылыми тағылымдамадан айыру туралы мәселені қарауына бастама жасайды.
23. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан өтуге шарт жасасу үшін әкімшіге құжаттың мынадай тізбесін ұсынады:
1) конкурс жеңімпазының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі). Түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін конкурс жеңімпазына қайтарылады.
2) тұлғаның жұмыс берушінің атынан ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шартқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттар, жұмыс берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ жұмыс берушінің банктік деректемелері.
24. Тағылымдамаға жіберілетін конкурс жеңімпаздары міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында екі кепілгер ұсынады.
25. Кепілгер ретінде жұмыс берушінің анықтамаларымен және міндетті зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжатпен (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме) расталатын, соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты жалақысы бар жасы 50 (елу) жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болады.
26. Осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген үлгілік нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту туралы келісімге кепілдік шартын жасасу үшін мынадай құжат тізбесі ұсынылады:
1) кепілгердің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме).
2) кепілгердің лауазымы, жұмысқа қабылданған күні мен кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы күнтізбелік соңғы 12 (он екі) айдағы табысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (анықтамалар).
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар кепілгер ретінде болған кезде: жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат, сондай-ақ кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы күнтізбелік соңғы 12 (он екі) ай ішінде табыс алғанын растайтын құжат.
3) Кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы күнтізбелік соңғы 12 (он екі) айдағы зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжат (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме).
12 (он екінші) ай үшін зейнетақы жарнасы аударылмаған болса, кепілдік шартын жасасу ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылса, соңғы 11 (он бір) күнтізбелік ай үшін зейнетақы аударымының төленгенін растайтын құжатты ұсынуға жол беріледі.
27. Шарт жасасқан және осы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасының шарттарын орындаған соң әкімші конкурс жеңімпаздарының шетелдік ұйымдарға ғылыми тағылымдамадан өтуіне жолдаманы және осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес ақша аударылуын қамтамасыз етеді.
28. Жасасқан шарт ғылыми тағылымдама тағайындалған күннен бастап туындаған конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшалай қаражатты аудару үшін негіз болып табылады.
29. Конкурс жеңімпазы сырқатты емдеу кезінде, іссапарда болған және тағылымдамадан өтуге шарт жасасуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде, конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, белгіленген мерзімде тағылымдамадан шартын жасасудың мүмкін еместігі туралы растайтын құжатты ұсынған жағдайда тағылымдамадан өтуге шарт жасасу мерзімін ұзарту туралы Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жүгінеді.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту мерзімі Комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.
Тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындаған сәтінде тағылымдамадан өту елінде тамақтануға, тұруға және оқу әдебиетін сатып алуға бекітілген шығыс нормалары жоқ болған жағдайды қоспағанда, бір рет беріледі.
5-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өтуге дайындықты ұйымдастыру тәртібі, ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының орындалуын және конкурс жеңімпаздарының еңбек қызметін (еңбекпен өтеу) жүзеге асыруын мониторингтеу
30. Ғылыми тағылымдамадан өтуге дайындықты ұйымдастыру ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың күшіне енген сәтінен басталады.
31. Конкурс жеңімпазы ғылыми зерттеу бағытының, шетелдік ұйымның, тағылымдамадан өткен елдің ауысымын, тағылымдамадан өту мерзімін (бір жылдан аспайтын мерзімге ауыстырған және қосымша шығыстар болмаған кезді қоспағанда), жұмыс берушіні ауыстыруды алған кезде конкурс жеңімпазы Комиссияға өтінішпен және растайтын құжатпен қоса жүгінеді.
Бұл ретте, тағылымдамадан өту мерзімін ауыстыру Комиссия қарауына шығармастан қосымша шығыстар болмаған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жылдан аспайтын мерзімді ауыстыру туралы конкурс жеңімпазының әкімшіге берген өтініші негізінде ауыстырылды деп есептеледі.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.10.2024 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Әкімші конкурс жеңімпазынан өтініш түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік хатын ұсынады.
33. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжат ресімдеуге негіз болып табылады. Визаны конкурс жеңімпазы өз бетімен ресімдейді.
34. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тағылымдамадан өту орнына дейінгі жол жүру бойынша әуе билетті сатып алу үшін конкурс жеңімпазы әкімшіге ғылыми тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей виза алу үшін және кері қайту үшін жазбаша нысанда жүгінеді.
35. Конкурс жеңімпазы тағылымдама аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасына оралады, әкімшіге Қазақстан Республикасына кіргені туралы белгісі бар паспорттың көшірмесін, тағылымдаманы аяқтағаны туралы өтініш, тағылымдамадан өту шартына сәйкес тағылымдаманың аяқталғаны туралы құжаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармаларын, оның ішінде қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен тағылымдаманы аяқтағаны туралы сертификат (бар болса) ұсынады және Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек қызметін (еңбекпен өтеуді) жүзеге асыруға кіріседі.
36. Конкурс жеңімпаздарының еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі тағылымдамадан өту шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс жеңімпазынан шарттағы міндеттемелердің орындалғаны туралы өтініш түскен кезде әкімші конкурс жеңімпазының еңбек өтілі бойынша шарттағы міндеттемелерді орындағанын мыналарды ескере отырып тексереді:
конкурс жеңімпазы тағылымдамадан өткеннен кейін үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асырған жұмыс берушінің еңбек кітапшасына жазған жазбаларды;
талап етілетін еңбекпен өтеу кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы аударымдары (зейнетақымен қамтамасыз етумен байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының ерекшеліктерін ескере отырып);
Қазақстан Республикасының аумағында таңдаған ғылыми зерттеу бағыты бойынша еңбек қызметін (еңбекпен өтілін) жүзеге асыру.
Нақты еңбек өтілінің мерзімін есептеуді әкімші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болуын ескере отырып, күнтізбелік күндерде жүзеге асырады.
37. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, конкурс жеңімпазы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам конкурс жеңімпазына еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына мынадай жағдайларда:
еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруды емдеу, әскери қызметке шақыру кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру;
шетелде тағылымдамададан өтетін/оқитын жұбайымен немесе зайыбымен ілесіп жүру;
мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
жүктілік кезінде, сондай-ақ тәрбиесінде үш жасқа дейінгі бала (балалар) болған кезде енгізеді.
Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру бір рет: Қағидалардың осы тармағында көрсетілген шетелде тағылымдамадан/оқудан өтіп жатқан жұбайымен немесе зайыбымен ілесіп жүру үшін беріледі.
38. Тағылымдамаға кедергі келтіретін ауру туындаған жағдайда, конкурс жеңімпазы бұл туралы әкімшіге шетелдік емдеу мекемесі берген анықтаманың көшірмесін ұсына отырып хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде емдеу ұйымынан конкурс жеңімпазының денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) анықтамасының түпнұсқасын тағылымдаманы жалғастырудың мүмкін еместігі туралы қорытындымен бірге ұсынады.
39. Тағылымдама қайта басталған кезде конкурс жеңімпазы әкімшіге шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.
6-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өту тәртібі
40. Ғылыми тағылымдамадан өту осы Қағидалардың 3-тармағына, сондай-ақ жасалған шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша өтеді.
Мерзімі 6 (алты) айдан асатын ғылыми тағылымдамадан өткен жағдайда конкурс жеңімпазы әкімшіге ғылыми тағылымдама басталған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту туралы аралық есепті ұсынады.
42. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан оралғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде әкімшіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды есепті тапсырады. Ғылыми тағылымдамадан өту туралы қорытынды есепті жұмыс беруші бекітеді және оны интернет-ресурсында ақпарат көздерінде орналастырады.
Ғылыми тағылымдама туралы есеп ұсынылмаған жағдайда әкімші осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес жұмыс органының қарауына тағылымдамаға жұмсалған бюджет қаражаты конкурс жеңімпазының өтеуі туралы мәселені шығарады.
43. Конкурс жеңімпазы шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуді аяқтағаннан кейін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес өзін тағылымдамаға жіберген ұйымда кемінде 3 (үш) жыл үздіксіз еңбек қызметін (еңбекпен өтеуді) жүзеге асырады.
44. Жұмыс берушіні ауыстыру конкурс жеңімпазының әкімшіге жазған өтініші негізінде жұмыс беруші таратылған не қайта ұйымдастырылған кезде жүзеге асырылады.
Жұмыс берушіні ауыстыру жеңімпазының өтініші бойынша конкурс ғылыми зерттеудің таңдалған бағытын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге аккредиттелген субъектісі сақтаған кезде, Комиссия шешімі негізінде жұмыс берушінің келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.10.2024 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 1-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басым бағыттар | Мамандандырылған ғылыми бағыттар |
---|---|
1) Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану |
1. Экологиялық қауіпсіздік; |
2) Энергия, озық материалдар мен көлік |
1. IT энергетика; |
3) Озық өндіріс, цифрлық және ғарыш технологиялары |
1. Ақпараттық қауіпсіздік; |
4) Елдің зияткерлік әлеуеті |
1. Әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер: |
5) Өмір және денсаулық туралы ғылым |
1. Эпидемиология және халықтың денсаулығын қорғау саласындағы зерттеулер; |
6) Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
1. Ветеринария; |
7) Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік |
1. Іргелі ғылыми зерттеулер |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 2-қосымша |
Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Жұмыс органы төменде берілген көрсеткіштерге сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастырады:
ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдар үшін көрсеткіш: Тізім жасау сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес Саймаго (SCImago Institutions Rankings) ғылыми институттардың халықаралық рейтингінің алғашқы 1000 (мың) позициясының қатарына кіру.
шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін көрсеткіш: Тізім жасау сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес Квакарелли Саймондс (QS University Rankings by subject) әлемнің үздік университеттері халықаралық рейтингінің алғашқы 100 (жүз) позициясының қатарына кіру.
Жұмыс органы Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық келісімдер, меморандумдар негізінде Қазақстан Республикасын дамытудың әлеуметтік-экономикалық басымдықтарына қарай шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, ғылыми орталықтарды және өзге де ұйымдарды Тізімге енгізеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдары, ғылыми орталықтар және өзге де ұйымдар үшін көрсеткіштер ғылыми тағылымдамадан өту орнын таңдау үшін "Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" басым бағытына қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Жұмыс органы Тізімді қалыптастырады және бір жылға бекітеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 3-қосымша |
Тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға, тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыс нормалары
1. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиетін сатып алуға тұратын жерінен тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға шығыс нормалары елдер бөлінісінде:
№ р/с | Мемлекет | Бір айда ғылыми тағылымдама процесінде тұруға арналған шығыс нормалары | Бір айда ғылыми тағылымдама процесінде тамақтануға арналған шығыс нормалары | Көлік түрі мен класы | Тағылымдама процесінде ғылыми әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыс нормалары |
1. | Аустрия Республикасы | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
2. | Аустралия | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
3. | Израиль мемлекеті | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
4. | Ирландия Республикасы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
5. | Италия Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Рим қаласы | 1050 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
6. | Дания Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
7. | Бельгия Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
8. | Испания Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
9. | Канада | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
10. | Қытай Халық Республикасы | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 350 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Шанхай қаласы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
11. | Нидерланд Корольдігі | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
12. | Норвегия Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
13. | Швеция Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
14. | Латвия Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
15. | Жаңа Зеландия | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
16. | Болгария Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
17. | Мажарстан Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
18. | Үндістан Республикасы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
19. | Корея Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Сеул қаласы | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
20. | Польша Республикасы | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
21. | Сингапур Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
22. | Украина Республикасы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
23. | Ресей Федерациясы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Мәскеу қаласы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
24. | Румыния | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
25. | Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Лондон қаласы | 1200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
26. | Америка Құрама Штаттары: | ||||
Айова, Алабама, Арканзас, Индиана, Вирджиния, Висконсин, Батыс Вирджиния, Канзас, Кентукки, Миссисипи, Миссури, Небраска, Огайо, Оклахома, Орегон, Солтүстік Дакота, Солтүстік Каролина, Теннесси, Оңтүстік Дакота, Оңтүстік Каролина штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Айдахо, Аризона, Вайоминг, Вермонт, Делавэр, Луизиана, Монтана, Мэн, Невада, Нью-Мексико, Техас, Юта штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Аляска, Вашингтон, Джорджия, Колорадо, Мичиган, Нью-Йорк, Нью-Хэмпшир, Пенсильвания штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Гавай, Миннесота штаттары | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Иллинойс, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Нью-Джерси, Род-Айленд, Флорида, Колумбия Федеративтік округы штаттары | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 850 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Калифорния штаты | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Бостон, Бруклин, Кембридж, Медфорд, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
27. | Түркия Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
28. | Германия Федеративтік Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
29. | Финляндия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
30. | Француз Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Париж қаласы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
31. | Малайзия Федерациясы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
32. | Чехия | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
33. | Швейцария Конфедерациясы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
34. | Жапония | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Токио қаласы | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
35. | Словакия Республикасы | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
36. | Беларусь Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 20 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
37. | Литва Республикасы | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
38. | Әзербайжан Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
39. | Сербия Республикасы | 680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
40. | Бахрейн Корольдігі | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
41. | Біріккен Араб Әмірліктері | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
42. | Эстония Республикасы | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
43. | Мексика Құрама Штаттары | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
44. | Чили Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 65 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
45. | Бразилия Федеративтік Республикасы | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
46. | Оңтүстік Африка Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
47. | Хорватия Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
48 | Португалия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
49 | Қазақстан Республикасы* | 130 мың теңге | 150 мың теңге | - | - |
*Ескертпе: осы шығыс нормаларының 3-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін.
2. Әуе көлігін пайдаланғаны үшін жол жүру шығыстарын төлеуді конкурс жеңімпазының өтініші бойынша ғылыми тағылымдама әкімшісі билетті брондау сәтіндегі жол жүрудің ең төмен құны бойынша жүргізеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін орынға дейін жол жүру шығыстары виза алған күннен бастап және кері қайту ғылыми тағылымдамадан өткеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төленеді. Визаны ресімдеу немесе ұзарту қажет болған жағдайды, оның ішінде Қазақстан Республикасында қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен және ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде кері қайту бойынша шығыстарды төлеуге жол берілмейді.
Шығыстар төлемі қосымша багажды алып жүруге ақы төлемей растайтын құжаттар негізінде нақты шығыстар:
1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей жүретін әуе және теміржол көлігін пайдаланғаны үшін (Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап тұрғылықты жеріне дейін/тұрғылықты жерінен Қазақстан Республикасынан шыққан сәтке дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайды) – купе вагоны тарифінен аспайды (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек пойызды қоспағанда), тас жол және қара жолдар бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін – сол жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша (такси көлігін қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру бойынша – транзиттік әуежайларда/аймақтарда тікелей жүретін/ауысып отыратын әуе көлігін пайдаланғаны үшін (Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өткенге дейін және кері қайтқанға дейін жол жүру/ұшу сәтінен бастап әрбір транзиттік аймақта 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын) – экономикалық класс тарифі бойынша, теміржол көлігін пайдаланғаны үшін – экономикалық класс тарифі бойынша, тас жол және қара жолдар бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін – сол жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша (такси көлігін қоспағанда) жүргізіледі.
Шығыстар сомасын есептеу конкурс жеңімпазының нақты орналасқан жеріндегі шығыстар нормасы бойынша жүргізіледі. Егер конкурс жеңімпазы бекітілген ғылыми тағылымдама бағдарламасында көзделген ғылыми тағылымдамадан өту уақытында ғылыми тағылымдамадан өту елінен өзгеше елде, штатта немесе қалада болса, елдер бөлінісінде шығыстар нормасының бекітілген тізімінде сондай бар болса, конкурс жеңімпазының нақты орналасқан жері елдер бөлінісінде мөлшерді айқындау үшін шығыстар нормасы бойынша есептеу жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу ғылыми тағылымдамадан өту елінің шығыстар нормасына сәйкес жүргізіледі.
Ғылыми тағылымдамадан өткен елде тұруға және тамақтануға жұмсалатын шығыстардың ай сайынғы сомаларын есептеу кезеңі шақыру хатына (бірінші рет шығатындар үшін), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бірақ тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға арналған шартта белгіленген мерзімнен аспайтын, виза (DS-2019) ресімдеуге арналған иммиграциялық емес нысандарға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту елінде тағылымдамадан нақты өту кезеңі болып табылады.
Ғылыми тағылымдамадан өту елінде тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу әр күнтізбелік айға толық көлемде жүргізіледі.
Егер ғылыми тағылымдамадан өтудің жалпы мерзімінің бірінші немесе соңғы айындағы күндер саны күнтізбелік 3 (үш) күн немесе одан аз болса, онда осы айлар үшін есептеу жүргізілмейді.
Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде ғылыми әдебиеттерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың сомаларын есептеу ай сайын жүргізіледі.
Тұруға, тамақтануға және ғылыми әдебиетті сатып алуға арналған ай сайынғы шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген шығыстар нормасына сәйкес ведомості құрастыру күніне валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру мен тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын төлеу алдыңғы айдың 25-нен бастап ағымдағы айдың 5-не дейін жүргізіледі.
3. Ғылыми тағылымдамадан өтуін тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда тағылымдамадан өтуі қашықтан оқыту және/немесе аралас оқу нысанына ауыстырылған кезде немесе тағылымдамадан өту елінде еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, қоршаулар, эпидемиялар және басқа да мән-жайлар туындауының салдарынан, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қалыптасқан жағдайларға байланысты барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда (бұдан әрі – еңсерілмейтін күш жағдайлары):
ғылыми тағылымдамадан өту орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және кері қайту жолына еңсерілмейтін күш жағдайлары аяқталғаннан кейін/ ғылыми тағылымдаманы қайта бастау үшін;
ғылыми тағылымдамадан өту орнынан және кері қайту жолына, визаны ресімдеуге немене ұзартуға қажеттілік болған жағдайда;
ғылыми тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруді қоса алғанда, визаны (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту, виза (консулдық алымды) ресімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді төлеу жүзеге асырылады.
Ғылыми тағылымдама өту елінде еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан, ғылыми тағылымдамадан өтуді бір айдан астам мерзімге тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда шетелде жүрген конкурс жеңімпазы, әуе және/немесе теміржол көлігі болған кезде Қазақстан Республикасының аумағына дереу қайтарылады.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу:
1) ғылыми тағылымдамадан өтуді тоқтату, тоқтата тұру, аяқтау және конкурс жеңімпазы стипендиатын Қазақстан Республикасына қайтып оралуына кедергі келтіретін жағдайлар туындаған;
2) шетелде тағылымдамадан өтуге алғаш рет кірісетін/жалғастыратын және тағылымдамадан өту елінің аумағында орналасқан тұлғалар үшін қашықтан оқыту және/немесе аралас оқыту нысаны, тағылымдамадан өте бастаған және/немесе осындай оқыту нысанына көшкен;
3) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми тағылымдамадан өтуге алғаш рет кірісетін/жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан оқытуды қолдана отырып тағылымдамадан өтіп жатқан;
4) шетелден Қазақстан Республикасының аумағына амалсыздан оралған және Қазақстан Республикасының аумағында тағылымдаманы жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан оқытуды қолдана отырып, ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан жағдайда жүргізіледі;
Бұл ретте тұру мен тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын осы шығыстар нормасына сәйкес:
тағылымдаманы тоқтатқан, тоқтата тұрған, аяқтаған сәттен бастап осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін бір айдан аспайтын мөлшерде ғылыми тағылымдамадан өту елінің осы шығыстар нормасына сәйкес;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін ғылыми тағылымдамадан өту елінің осы шығыстар нормасына сәйкес;
осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасында ғылыми тағылымдамадан өту үшін көзделген нормативтерге сәйкес;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін ғылыми тағылымдамадан өту (тұруға) елінің және Қазақстан Республикасында ғылыми тағылымдамадан өту үшін көзделген нормативтерге (тамақтануға) сәйкес, осы шығыстар нормативі бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына мәжбүрлі түрде қайтып келген және Қазақстан Республикасының аумағында қашықтан оқытуды қолдана отырып, тағылымдаманы жалғастыратын конкурс жеңімпазы еңсерілмейтін күш жағдайлары кезеңінде тағылымдамадан өту елінде тұрғаны үшін шығыстарды төлеу бойынша міндеттемелердің бар екендігі туралы растайтын құжатты, атап айтқанда: тұрғын үйді жалдау шарты, сондай-ақ төлем туралы чектердің түпнұсқалары немесе төлем туралы түбіртектер, немесе банктің мөртабанымен немесе штрих/Quick Response (Квик респонс) кодымен/бантік электронды-сандық қолтаңбасымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе төлем фактісін растайтын шетелдік банктен ресми анықтама/хат ғылыми тағылымдама өту (тұру үшін) елінің нормативі бойынша осы төлемді жүзеге асыру үшін ұсынады.
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 4-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі
1. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ тілді меңгерудің қажетті ең төмен деңгейі В1 деңгейін (орташа деңгей) құрайды.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген В1 не одан жоғары деңгейде қазақ тілі (ҚАЗТЕСТ) бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында әзірленген QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) онлайн тестілеу жүйесінде B1 және одан жоғары деңгейімен қазақ тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) ресми сертификатын, осы сертификаттың түпнұсқалығын тексеру үшін Quick Response (Квик Респонс) штрих-кодының болуы және www.qrt.kz. ресми сайтында үміткердің тестілеу нәтижелері туралы ақпаратты тексеру үшін үміткердің ID (АЙДИ) нөмірі ұсынылады.
2. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі:
№ | Ғылыми тағылымдамадан өту тілі * | Шет тілін білу деңгейі |
1. | Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 5.0 |
2. | Қытай | HSK 6-дан 3 деңгейі |
3. | Корей | TOPIK (level 3) |
4. | Неміс |
Goethe-Zertifikat B1, |
5. | Итальян |
CILS DUE B1 |
6. | Испан | DELE B1 |
7. | Орыс | Талап етілмейді |
8. | Француз | TCF 300-399 DELF B1 |
9. | Жапон | JLPT level N3 |
10. | Түрік | Tömer B1 |
Ескерту:
Осы кестеде ғылыми тағылымдамадан өту тілі болмаған жағдайда, шет тілін білу деңгейі CEFR стандартына сәйкес B1 деңгейінен төмен емес ресми жарамды халықаралық сертификатпен расталады.
Қолданыстағы аббревиатуралардың транскрипциясы:
IELTS (International English Language Testing System - Интернэйшэнал Инглиш Лэнгуич Тестинг Систэм) - ағылшын тілі бойынша білімін тестілеудің халықаралық жүйесі;
TOEFL (Test of English as a Foreign Language - Тест оф Инглиш ас э Форейн Лэнгуич) - шет тілі ретінде ағылшын тілі бойынша тест мынадай түрлерге бөлінеді:
1) PBT (Paper-based test - Пэйпер-бэйзд тест) - қағаз жеткізгіштегі ресми тест;
2) ITP (Institutional Testing Program – Инститьюшнал тестинг программ) - қағаз жеткізгіштегі ресми тест;
3) IBT (Internet-based test - Интернет-бейзд тест) - Интернет арқылы тапсырылатын ресми тест.
DET (Duolingo English test) (Дуолинго Инглиш тест) - бейне әңгімелесу және нәтижелерді жылдам өңдеу арқылы ағылшын тілін білуді анықтау бойынша онлайн-тест.
IELTS Indicator (International English Language Testing System - Интернэйшэнал Инглиш Лэнгуич Тестинг Систэм индикаторы) - Covid-19 пандемия кезеңінде Британдық Кеңес ұйымдастырған ағылшын тілін білуді анықтау бойынша онлайн-тест.
Goethe-Zertifikat (Гете Цертификат) - Неміс тілін білуін растау үшін қажетті Гете-Институтының сертификаты. Гете-институтында сертификат алу үшін емтиханды Гете-институттарында да, біздің әріптестеріміз болып табылатын емтихан алу орталықтарында да тапсырылады;
OnSet (ОнСэт) - неміс тілі деңгейін анықтауға арналған тест;
DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang - Дойч Шпрахпрюфунг фюр ден Хохшульцуганг) - DSH емтиханы Германиядағы жоғары оқу орындарының біріне түсу үшін қажет. DSH емтиханы Германия жоғары оқу орындарында кезекті семестрлер басталғанға дейін 3-4 апта бұрын тапсырылады;
TestDaF (Test Deutsch als Fremdsprache - Тест Дойч альс Фремдшпрахэ) - Тест DaF Германияда оқу үшін қажетті неміс тілі деңгейін тексеретін тест. Бұл емтиханды әлем бойынша лицензияланған орталықтарда, сонымен қатар, Қазақстанда тапсырылады;
CILS (Certificazione di Italiano come Lingua Straniera - Цертификационе ди Итальяно комэ Лингуа Страниера) - шет тілі ретінде итальян тілін білу деңгейін растаушы сертификат;
CELI (Certificatos di Conoscenza della Lingua Italiana - Цертификатос ди Коношэнза делльа Лингуа Итальяна) - шет тілі ретінде итальян тілін білу сертификаты;
DELE (Diplomas de Español como Lengua Extranjera - Дипломас дэ Эспаньол комо Лингуа Икстранхера) - шет тілі ретінде испан тілін білу сертификаты;
TCF (Test de connaissance du français - Тест де конэсонс дью фронсэ) - француз тілін білу тесті;
DELF (Diplome d'Etudes en Langue Francaise - Дипломэ тьюд он Лонг Фронcэз) - француз тілін білуі туралы диплом;
HSK (Hanyu Shuiping Kaoshi - Ханьюй Шуйпин Каоши) - шетелдіктерді, қытай эмигранттарын және аз ұлттар өкілдерін қоса алғанда, қытай тілінде сөйлемейтін адамдардың қытай тілін білу деңгейін сертификаттауға арналған ҚХР мемлекеттік емтиханы;
TOPIK (Test of Proficiency in Korean - Тест оф Профишэнси ин Кориан) - корей тілін білу деңгейін анықтау емтиханы;
JLPT (Japanese Language Proficiency Test - Джапанис Лэнгуич Профишэнси Тест) - жапон тілін білу деңгейін анықтау емтиханы;
Tömer (Türkçe ve Yabancı Dil Uygulama ve Araştırma – Тюркче вэ Яванджи Диль Уйгулама вэ Араштырма) – түрік тілінен деңгейін анықтау емтиханы;
CEFR (Common European Framework of Reference – Комон Европин Фреймок оф Референс) – Еуропалық Одақта қолданылатын шет тілін меңгеру деңгейлерінің жүйесі.
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 5-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы
Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы міндетті түрде мыналарды қамтиды:
1. Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
2. Өтетін ел;
3. Шетелдік ұйымның атауы;
4. Мерзімі және ұзақтығы;
5. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттар тізбесіне сәйкес мамандығы;
6. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша тақырыбы;
7. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша өзектілігі және жаңалығы;
8. Мақсаты;
9. Міндеттері;
10. Өту кезеңдері;
11. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша зерттеу объектісі;
12. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша қолданылатын зерттеу әдістері;
13. Материалдық-техникалық құралдар;
14. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша күтілетін нәтижелер;
15. Ғылыми зерттеу әдістерін, ғылыми зерттеу тақырыбын қалыптастыруды, ғылыми жұмысты жоспарлауды, теориялық-эксперименттік зерттеулерді талдауды және қорытындыларды тұжырымдауды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған академиялық хатты қамтитын модульдер;
Тағылымдаманың жоспар-кестесі:
№ | Іс-шаралар атауы | Іс-шараларды өткізу мерзімдері | Тізбеден таңдаған мамандық бойынша қолданылатын технологиялар мен зерттеу әдістері | Есептілік нысаны | |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 6-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған ҮЛГІЛІК ШАРТ | ТИПОВОЙ ДОГОВОР на прохождение научной стажировки | |
Астана қаласы 20__ж "___" ___________ |
Город Астана "___" _______ 20 года | |
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ |
1. ПРЕДМЕТ ДОГОВОРА | |
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ |
2. ОБЯЗАННОСТИ И ПРАВА СТОРОН | |
3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ |
3. ОБЩАЯ СУММА ДОГОВОРА И ПОРЯДОК ОПЛАТЫ | |
4. ШАРТТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ |
4. УСЛОВИЯ И ВИДЫ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ДОГОВОРА | |
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ |
5. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН | |
6. ШАРТТЫ БҰЗУ ШАРТТАРЫ |
6. УСЛОВИЯ РАСТОРЖЕНИЯ ДОГОВОРА | |
7. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЫ |
7. ОБСТОЯТЕЛЬСТВА НЕПРЕОДОЛИМОЙ СИЛЫ | |
8. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР |
8. ПРОЧИЕ УСЛОВИЯ |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН
"ОРТАЛЫҚ"/"ЦЕНТР" |
"КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ"/ |
"ЖҰМЫС БЕРУШІ"/ |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Ғылыми тағылымдамадан өту туралы келісімге КЕПІЛДІК ШАРТ
Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған |
ДОГОВОР ГАРАНТИИ |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН
"ОРТАЛЫҚ"/"ЦЕНТР" |
"Кепілдік беруші" /" Гарант" |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Ғылыми тағылымдамадан өту туралы есеп
Конкурс жеңімпазының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда):
_______________________________
Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған ғылыми зерттеудің бағыты:
________________________________________
Есеп (аралық/қорытынды) (керегінің астын сызу)
№ р/с | Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ғылыми тағылымдамадан өтетін елі | ||
2 | Шетелдік ұйым | ||
3 | Ұзақтығы | ||
4 | Мамандығы | ||
5 | Тақырыбы | ||
6 | Тапсырмалар | ||
7 | Өзектілігі (конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға және басқа қатысу) және жаңалығы | ||
8 | Мақсаттары | ||
9 | Пайдаланылатын зерттеу әдістері | ||
10 | Материалдық-техникалық құралдар | ||
11 | Қол жеткізген нәтижелері (халықаралық ғылыми басылымдарға берілген мақалалар, патенттер, монографиялар және т.б.) | ||
12 | Тағылымдама бағдарламасына және ғылыми тағылымдамадан өту жоспар-кестесіне сәйкес қойылған міндеттерді орындау | ||
13 | Қазақстан Республикасында тағылымдама нәтижелерін енгізу жолдары |
Ескертпе:
Конкурс жеңімпазы ___________________ ___________________
(қолы) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Шетелдік ұйым жетекшісі ___________________ ___________________
(қолы) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 9-қосымша |
Конкурстық іріктеуді саралау кестесі
Ескерту. Қағидалар 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.01.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Конкурстық іріктеу 3 турдан тұрады.
Үміткерлерді саралау үшін қорытынды балды есептеу формуласы КТ (30 б) + СК (70 б) = 100 б
мұндағы:
КТ – кешенді тестілеу;
СК – сараптама комиссиясы.
1) Зияткерлік қабілет деңгейін, жеке-іскерлік құзыреттіліктерін, шетелде ғылыми тағлымдамадан өтуге психологиялық дайындығын айқындау бойынша кешенді тестілеу:
қысқа мерзімде жаңа ақпаратты талдау қабілеттілігі деңгейін айқындауға бағытталған вербалды және сандық ақпаратты талдау тесттері;
үміткердің жеке-іскерлік қасиеттері мен шетелде оқуға психологиялық дайындығы туралы ақпаратты құрылымды жинауға мүмкіндік беретін жеке сауалнама. Басты назарда жаңа ортада тиімді қарымқатынас жасауға және бейімделуге, қиындықтарды эмоциялы түрде сәтті жеңуге, шешім қабылдауға және ойдағыны іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттерді көрсете алу әлеуеті тұр.
Кешенді тестілеу келесі турға жіберілетін іріктеу туры болып табылады. Бірінші турда жұмыс органы белгіленген шекті балл – 18 (он сегіз) балл (тесттің әрбір бөлімі бойынша кемінде 6 (алты) балл) жинамаған үміткерге екінші турға қатысуға жол берілмейді.
2) Сараптамалық комиссия (бұдан әрі – СК) мүшелерімен дербес әңгімелесу, мұнда үміткердің кәсіби дайындық деңгейі, теориялық білімі мен таңдаған мамандандыру саласында кәсіби құзыретінің болуы айқындалады. СК мүшелері үміткердің уәждемелік хатында берілген ақпаратты ескере отырып, әрбір үміткер бойынша ұсыныс береді.
Келесі турға өтуге арналған кешенді тестілеу кестесі
Вербалды тест | Берілген балл |
---|---|
37-48- жоғары (Ж) | 10 |
31-36- жоғарыдан төмен (ЖТ) | 8 |
20-30- орташа (О) | 6 |
11-19- орташадан төмен (ОТ) | Өту балы емес |
1-10- төмен (Т) | Өту балы емес |
Сандық тест | Берілген балл |
20-25 – жоғары (Ж) | 10 |
15-19 – жоғарыдан төмен (ЖТ) | 8 |
8-14 – орташа (О) | 6 |
4-7 – орташадан төмен (ОТ) | Өту балы емес |
1-3- төмен (Т) | Өту балы емес |
Психологиялық тест |
Берілген балл |
31-35 балл | 10 |
26-30 балл | 8 |
21-25 балл | 6 |
16-20 балл | Өту балы емес |
15 балл және одан төмен | Өту балы емес |
СК мүшелерімен әңгімелесу бойынша саралау
СК орташа балы | СК бойынша ең төменгі балл |
---|---|
29 -70 | Ұсынылған |
28 балл және одан төмен | Ұсынылмаған |
Үшінші турда Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия СК ұсыныстарының негізінде ғылыми тағлымдамасы бойынша стипендиясын тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, бұл туралы үміткерге әкімшінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыру арқылы хабарланады.