БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 74 бұйрығымен бекітілген/ |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. "Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген):
атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларында:
атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында қолданылады.".
3. "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 34) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Экстерндерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Шетелде тұратын білім алушы экстернат нысанында білім алған кезде тиісті білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларын дербес меңгереді, үлгерімді ағымдағы бақылаудан (бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау) өзі бекітілген орта білім беру ұйымында қашықтықтан өтеді.";
20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Қорытынды аттестаттаудан өткен экстерндерге "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.";
23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші 6 (алты) жұмыс күні ішінде тиісті білім беру ұйымына сұрау жібереді және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтерді алады.
Тиісті білім беру ұйымынан мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды. Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарылады.
Осы Қағидалардағы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-тің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге оң нәтиже немесе дәлелді бас тарту жауабы құрылады.".
4. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
5. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
6. "Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33285 болып тіркелген):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
7. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 12 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35670 болып тіркелген):
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық осы бұйрықтың 1-тармағының 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1, 5 сыныптар үшін, 2027 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2, 6 сыныптар үшін, 2028 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3, 7 сыныптар үшін, 2029 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4, 8 сыныптар үшін, 2030 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9 сыныптар үшін енгізілетін 21-абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".