Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 188-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 сәуірде № 36021 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 356) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22628 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2025 жылғы 23 сәуірдегі
№ 188-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысы бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 356) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;

      2) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;

      3) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметінің негізгі түрі "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде көзделген үйірме түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.

      3. Рейтинг өнім берушілердің бір-біріне қатысты көрсететін қызметтердің сапасы мен танымалдылығын анықтау үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге қолданылады.

2-тарау. Балалар мен жас өспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібі

      4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін анықтау "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығармашылық үйірмеге қатысатын баланың заңды өкілінің баға қою жолымен жүзеге асырылады.

      5. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмені бағалау келесі өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) шығармашылық процесті ұйымдастыру, балаға міндеттерді түсіндірудің қолжетімділігі;

      2) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы.

      6. Бағалау 1-ден 5-ке дейінгі баллдарда көрсетіледі, мұндағы 1 – ең төменгі балл, 5 – ең жоғары балл.

      7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингі келесі жолмен есептеледі:

      Р=Б/А, мұндағы:

      Р – шығармашылық үйірмелердің рейтингі;

      Б – бағалауға қатысқан заңды өкілдердің қойған баллдарының жалпы сомасы;

      А – баға қойған заңды өкілдердің жалпы саны.

Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 23 апреля 2025 года № 188-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 апреля 2025 года № 36021

      В соответствии с подпунктом 35-15) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" и подпунктом 356) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 111 "Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22628).

      3. Комитету культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
от 23 апреля 2025 года № 188-НҚ

Правила определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 35-15) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре", подпунктом 356) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан" и определяют порядок определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) государственный творческий заказ (далее – государственный заказ) – финансируемый государством объем услуг в области культуры для детей и юношества, определяемый согласно методике подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа и размещаемый у поставщиков независимо от форм их собственности, ведомственной подчиненности, типов и видов;

      2) оператор – местный исполнительный орган области, города республиканского значения и столицы, или его структурное подразделение, уполномоченное выполнять администрирование процедуры размещения государственного заказа в соответствии с настоящими Правилами;

      3) поставщик – юридическое лицо или индивидуальный предприниматель независимо от формы собственности, ведомственной подчиненности, основным видом деятельности которых является оказание услуг по направлениям видов кружков, предусмотренных в Методике подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа, утвержденной приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года№ 113 "Об утверждении методики подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22634), кроме организаций образования.

      3. Рейтинг применяется к творческим кружкам для детей и юношества для определения качества и популярности оказываемых услуг поставщиками относительно друг друга.

Глава 2. Порядок определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

      4. Определение рейтинга творческих кружков для детей и юношества осуществляется путем выставления законным представителем ребенка, посещающего творческий кружок в рамках государственного заказа, предусмотренной Правилами размещения государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и юношества и их функционирования, утвержденными приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 122 "Об утверждении Правил размещения государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и юношества и их функционирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22644).

      5. Оценка творческого кружка для детей и юношества осуществляется по следующим критериям:

      1) организация творческого процесса, доступность объяснения задач ребенку;

      2) материально-техническая оснащенность творческого кружка для детей и юношества.

      6. Оценка выражается в баллах от 1 до 5, где 1 – самый низкий балл, 5 – самый высокий балл.

      7. Рейтинг творческих кружков для детей и юношества рассчитывается следующим образом:

      Р=Б/А, где:

      Р – рейтинг творческих кружков;

      Б – общая сумма баллов, выставленных законными представителями участвовавшими в оценке;

      А – общее количество законных представителей выставивших оценку.