БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында жарияланған баға;
2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;
3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
5) аукцион нөмірі – қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
6) әлеуметтік қызметтердің субъектілері – мемлекеттік заңды тұлға нысанында тіркелген, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру, мектепке дейінгі және орта білім беру, уақытша болу ұйымдары, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар);
7) бастапқы баға – мүлік бойынша сауда-саттық басталатын баға;
8) ең төменгі баға – мүлікті одан төменге сатуға болмайтын баға;
9) жеңiмпаз – мүлік үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған және аукцион қорытындылары туралы электрондық хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы;
10) жергілікті атқарушы органдар - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
11) кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін мүліктің алғашқы бағасының 15 пайызы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
12) комиссия – "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Есепке алу қағидалары) сәйкес құрылған комиссия;
13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;
14) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі - электрондық әмиян) – екінші деңгейдегі банктегі арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған:
аукцион нысанында сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдау;
осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарналарды қайтаруға байланысты ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты;
15) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
16) Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;
17) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сандық қолтаңбалармен расталған тапсырысшылар мен жеткізушілер арасындағы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
18) мүлік – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік;
19) сауда-саттыққа қатысушы – аукционға қатысу үшiн осы Қағидада белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
20) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;
21) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы органдар;
22) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
23) сауда-саттық – мүлікті сату тәсілі;
24) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;
25) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;
26) сауда ұйымдары – мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде және сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын мүлікті дайындауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;
27) тиісті саланың уәкілетті органы – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
28) тізілімнің веб-порталы – мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік мүлік тізілімінің интернет - ресурсы;
29) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық бөлімшелері;
30) ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын, сауда-саттыққа мүлікті дайындауды және және сатуды ұйымдастыратын сатушы не болмаса заңды немесе жеке тұлға;
31) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
32) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.
Өтінішке осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.
Қорытындыға тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) аппарат басшысы, ал мұндай лауазым болмаған кезде – тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қояды.
Уәкілетті тұлға қорытындыға қол қойған кезде өтінішке қосымша өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық сканерленген көшірмесі қоса беріледі.
Қорытындыда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері, сондай-ақ көрсетілген мүлікті бекіту ұсынылатын мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.
7. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүліктің құнын бағалау туралы есепті қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғаларға беру үшін ұсынылатын мүлік туралы, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты туралы хабарламаны жариялайды. Хабарлама өтініштерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жарияланады;
2) хабарлама жарияланған күні тізілімнің веб-порталы орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың тізілімнің веб-порталында тіркелген жеке кабинеттеріне хабарламаларды автоматты түрде жолдауды жүргізеді.
Мүлік түрлері бойынша таңдауды және осы тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген зағды тұлғалар тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте растауды ескере отырып, жарияланған хабарламалар туралы хабарламаларды таратуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімнің веб-порталында хабарламаны орналастыру күнінен бастап тізілімнің веб-порталында өтінішті тіркейді;
4) өтініштерді ашу хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау күні және аяқталу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;
5) өтініштерді және оған қоса берілетін құжаттарды осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды.
Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдер бойынша ақпарат көрсетілмеген кезде, комиссия өтінішті өлшемдерге сәйкес келмейді деп таниды;
6) комиссияның өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін оған қол қояды. Комиссия мүшесінің дауыс беру мүмкіндігі болмаған кезде комиссия хатшысы осы хаттамаға тиісті белгіні қояды;
7) өтініштерді қарау нәтижелері туралы комиссия шешімі әрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді ашу күнінде қабылданады және өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Мүлікті алуға ниет білдірген мемлекеттік заңды тұлғалардан бірнеше өтінім болған жағдайда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген барлық өлшемдерге сәйкес келетін болса, бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.
Егер бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін артық мүлік қалса, онда ол өтініш беру мерзімдерін ескере отырып және осы Қағидаларның 5-тармағында белгіленген барлық өлшемшарттарға сәйкес келген кезде кейінгі өтініш берушілер арасында бөлінеді.
Өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттамада мүліктің атауын, оның саны мен бағалау құнын көрсете отырып, өтініш берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша шешімдер көрсетіледі;
8) комиссия оң шешім қабылдаған кезде, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:
мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;
"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қағида) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.
№ 85 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.
Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды.
Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады;
9) мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мүлікті теңгерімге нақты алу мәніне салыстыру жүргізіледі.
8-2. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде теңгеріміне есепті тоқсанда мүлік берілген мемлекеттік заңды тұлғаларға осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті теңгеріміне нақты алу мәніне салыстыру актілерін (бұдан әрі – салыстыру актісі) жолдайды.
8-3. Мемлекеттік заңды тұлғалар салыстыру актілерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларға қол қоюды және бір дананы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға қайтаруды не мүлікті теңгерімге алмаған жағдайда - себебін көрсете отырып, қол қоюдан дәлелді бас тартуды жолдауды қамтамасыз етеді.
8-4. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікті толық немесе ішінара алмауына байланысты салыстыру актісіне қол қоюдан дәлелді бас тартуын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кінәлі тұлғаларды анықтау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына жолдайды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы сатып алуға ниет бiлдiрушiлердің мүлікті көруге, сондай-ақ мүлік туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тізілімнің веб-порталында сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама жариялағаннан кейін сатушы өзінің интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілер алаңдарында тізілімнің веб-порталында жарияланған хабарламаға сілтемені көрсете отырып, сауда –саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны қосымша орналастырады.";
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асатын жағдайда, бірыңғай оператор сатушы мен сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күні жеңімпаздың электрондық әмиянында айырмасы бұғаттан шығарылады.";
27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық қалған жағдайларда жеңімпаздың электрондық әмиянында кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражаты сауда-саттық өткiзiлген күнi бұғаттан шығарылады. Кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражаты электрондық әмияннан сауда-саттық қатысушысы ақша қаражатын қайтару өтінішінде көрсетілген деректемелерге қайтарылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы 3 (үш) минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражатының электрондық әмиянда болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Қатысушының осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражатының сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын электрондық әмиянда болмауы тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Электрондық әмиянда мүлікке берілген өтінім бойынша кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражаты болған кезде, тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нәтижелерін айқындағанға дейін электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражатын бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді жүргізеді. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына тең ақша қаражаты болмаған кезде, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Бірыңғай оператор:
1) тізілім веб-порталының қызмет етуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;
2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының электрондық әмиянда бұғаттан шығарылған кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады;
3) бірыңғай операторға өтінім берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қатысушылар қол қойған ақша қаражаттарын аударуға өтінім негізінде сауда-саттықтың қатысушыларына электрондық әмиянынан ақша қаражаттарын қайтарады;
4) қатысушылардың келесі сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда бұғатталмаған ақша қаражатын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Аукционды ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде Мемлекеттік мүлік туралы заңның 101-бабының 6-тармағына сәйкес өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Аванстық немесе түпкілікті төлем кешіктірілген не сатып алушы белгіленген мерзімде қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жағдайларда, сатушы сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты шығындарды өтеу туралы талаптар қоя отырып, сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады.
Сатушы сатып алу-сату шартын бұзған кезде тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Пайдалануға жарамды, ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне өтеусіз ұсынылады.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
2) "Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар:
1) алғашқы баға – бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде комиссия белгілейтін баға;
2) арнайы байланыс қызметі – Ұлттық почта операторының республикалық арнайы байланыс қызметі;
3) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, сапфирлер және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи меруерт және бірегей жақұт қосылымдары;
4) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;
5) бағалы металдар – алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;
7) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары – пайдалануға келмейтін, пайдалану құндылығын жоғалтқан немесе жоюға жататын бұйымдар және (немесе) олардың бағалы металы бар құрамдас бөліктері, сондай-ақ жөнделмейтін ақауды қоса алғанда бағалы металдарды шығару мақсатында кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын техникалық және тұрмыстық мақсаттағы өнімді өндіру және пайдалану кезінде пайда болған құрамында бағалы металы бар материалдардың, металлургиялық өндірістің аралық өнімдерінің қалдықтары;
8) жергілікті атқарушы органдар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
9) зергерлік қосымшалар – зергерлік өндірісте пайдаланылатын, зергерлік бұйымдарға айналдырылған табиғи, синтетикалық тастар мен тас секілді заттар, сондай-ақ зергерлік бұйымдарға қойылған бағалы емес металдар;
10) зергерлік тастар – зергерлік өндірісте пайдаланылатын асыл және зергерлік-қолдан жасалған тастар;
11) комиссия – "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (бұдан әрі – № 833 Қағида) сәйкес уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылған комиссия;
12) құндылықтар – бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар;
13) құндылықтарды алған (берген) орган (тұлға) – Заңның 210-бабында көзделген негіздемелер бойынша құндылықтарды беретін мемлекеттік кірістер органдары, тұлғалар;
14) құндылықтар бар жөнелтілім – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес жіберуші "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемеcінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиал) (бұдан әрі – Орталық) жіберетін пломбаланған (мөр басылған), қапталған құндылықтар және оларға ілеспе құжаттар;
15) құндылықтар бар орын – бір ыдысқа (қап, қорап, жәшік және т.б.) тізімдемесімен (құнды металдардың сынықтарына жасалмайды) қоса қапталған, Орталық комиссия пломбалаған және құндылықтың атауы (есебі), саны (бұйымдардың), жалпы, лигатуралық және химиялық таза массасы (оларды есептеу мүмкін болғанда), бағасын кеміткендегі массасы (болған жағдайда), сынамасы (құнды металдың құрамының), актінің нөмірі мен күні, сарапшы мен бақылаушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген жапсырма қағазы бар бір немесе бірнеше салымдар;
16) құндылықтарды соңғы қабылдау және сұрыптау – құндылықтардың санын, массасын (жалпы, лигатуралық және химиялық таза (оларды есептеу мүмкін болғанда), сынамасын (қорытпадағы бағалы металдардың массалық үлесі) анықтау, зергерлік қоспалардың (болған жағдайда) массасын жіктеу және анықтау, оларды құндылықтардың бекітілген түрлері және бағалы металдардың сынамалары бойынша кұндылықтарды сұрыптай отырып жіберушінің ілеспе құжаттарының мәліметтерімен (тізімдемемен немесе тізімдеме актісімен) салыстыру;
17) Орталық комиссия – құндылықтар бар жөнелтілімдерді ашуды, қабылдауды және олардың ішіндегі құндылықтарды сұрыптауды жүзеге асыру үшін құрылған сарапшы мен бақылаушыдан тұратын комиссия;
18) салым – атауы, саны (бұйымның), жалпы және лигатуралық массасы, бағасын кеміткендегі (болған жағдайда) және сынамасының массасы (құнды металдардың құрамы) көрсетіле отырып бір бастапқы қаптамаға (қағаз немесе полиэтиленді қалтаға, қағазға) орналастырылған бір бұйым немесе бір текті заттардың (бұйымдардың) топтамасы, құнды металдардың құрамы немесе сынамасы бірдей құнды металдардың бір түрі;
19) сатушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті атқарушы орган;
20) сатып алушы – өткізу процесінде құндылықтарды сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
21) сауда ұйымдары – сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын және мемлекеттік сатып алу шарты (комиссия) негізінде құндылықтарды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;
22) синтетикалық тастар – физикалық және химиялық қасиеттері бойынша әртүрлі табиғи тастарға сәйкес келетін жасанды кристаллдық тастар;
23) таңбалау – зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;
24) тас секілді заттар – табиғи және синтетикалық тастардан қолдан жасалған тастар, сондай-ақ жартылай немесе толықтай адам жасаған өнімдер.Бұл тастар табиғи зергерлік және синтетикалық тастардың түсін және сыртқы түрін бере алады да олардың химиялық және (немесе) физикалық қасиеттерін және (немесе) олардың кристаллдық құрылымын бере алмайды;
25) тізілім веб-порталы (бұдан әрі – тізілім) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан және мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық деректер қорына қол жеткізудің бір нүктесін беретін интернет ресурс;
26) уәкілетті орган – Комитет және оның аумақтық бөлімшелері;
27) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.";
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орталыққа немесе Ұлытау (Жезқазған қаласы), Абай (Семей қаласы) облыстарындағы және Алматы (Қонаев қаласы), Түркістан (Түркістан қаласы) облыстарындағы филиалдарын, сондай-ақ Алматы қалалық филиалын қоспағанда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына одан әрі Орталыққа жіберілетін құндылықтарды уәкілетті орган ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйеді. Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған 2 (екі) қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі. Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс. Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекенжайы, құндылықтардың бағалау құны (ілеспе хатта жөнелтілімдегі (қаптағы) құндылықтардың бағалау құны, құндылықтар тізімдемесі актісінің нөміріне сәйкес келетін жөнелтілім нөмірі (екі және одан көп жөнелтілім (қап) жіберген жағдайда) көрсетіледі. Құндылықтар бар бір жөнелтілімнің немесе қаптың ең жоғарғы салмағы 10 (он) килограмнан аспайды. Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) поштамен және қағаз пакеттермен жіберуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған пломбалар бедерлерінің үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа ұсынады. Пломбалар бедерлерінің куәландырылған үлгілерін (олар ауыстырылған жағдайда бедерлердің жаңа үлгілері) уәкілетті орган құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын дейінгі мерзімде ұсынады.
5. Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өзі дербес немесе арнайы байланыс қызметі арқылы Орталыққа немесе Ұлытау (Жезқазған қаласы), Абай (Семей қаласы) облыстарындағы және Алматы (Қонаев қаласы), Түркістан (Түркістан қаласы) облыстарындағы филиалдарын, сондай-ақ Алматы қалалық филиалын қоспағанда, одан әрі Орталыққа жіберу үшін өзі дербес Ұлттық банктің аумақтық филиалына жібереді.
Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталыққа жіберуді Ұлттық банктің аумақтық филиалдары тек оның жүк көтергіштігі, сыйымдылығы және есіктерінің ені шегінде арнайы вагонмен жолай жеткізу мүмкін болғанда ғана жүзеге асырады.
6. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген кезде уәкілетті орган бағалы метал мен тастың санын, массасын, сынамасын, түрін (атауын) және әрбір заттың ерекше белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасы көрсетілген акт тізімдемесін (бұдан әрі – Тізімдеме) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды, оған Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды.
Тізімдемеге құндылықтарды мемлекет иелігіне айналдыруға негіз болатын құжаттардың (сот шешімі, сот сараптамасының актілері, есептен шығару актілері және басқалар) көшірмелері қоса беріледі.
Тізімдеме 2 (екі) данада жасалады, олардың бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі – құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ішіне салынады. Орталыққа электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ілеспе хатпен бірге Microsoft Excel электрондық форматында қосымшасы бар сканерленген Тізімдеме осы Қағиданың 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жіберіледі.
Ілеспе хатта құндылықтар мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса), құндылықтарды тәркілеуге арналған құжаттардың (алып қою актілері, сот шешімдері, сот сараптамасы актілері және басқалар) көшірмелерін қоса беріледі. Ілеспе хатта бағалау құнын көрсетуге болады.
Жөнелтілімдегі әрбір құндылыққа жөнелтілімде тізімдемесіндегі реттік нөмірге сәйкес келетін нөмір тіркеледі.
7. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өкілдерімен Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының немесе Орталықтың материалдық жауапты тұлғаларына жөнелтуі уәкілетті органның өкілдерінен Ұлытау, Абай облыстары және Алматы, Түркістан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы үшін Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының немесе Орталықтың аумағында белгіленген күні мен уақытында жүзеге асырылады.";
13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Орталықта құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын-ала қабылдау нәтижелері осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (2) екі данада жасалған құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын ала қабылдау актісінде көрсетіледі. Алдын ала құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдау актісінің бірінші данасы Орталықта қалады, екінші данасы құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдауды растау үшін уәкілетті органға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады. Арнайы байланыс қызметінен келіп түскен құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Тізілім бойынша қабылдаған кезде алдын ала құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдау актісінде тізілімнің нөмірі мен күні көрсетіледі, сонымен бірге тізілім (тізілімнің көшірмесі) алдын ала қабылдау актісіне тіркеледі.
Уәкілетті органға құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын ала қабылдаудың актісіне ілеспе хатта құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашу күні көрсетіледі. Күнін көрсету мүмкін болмаған жағдайда Орталық құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашу күнін көрсетумен ашу бастау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын қосымша хат жолдайды. Уәкілетті органның өкілі келген кезде қойманың материалдық жауапты тұлғалары/Орталық комиссиясы оның қатысуымен құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашады және әрбір заттың бар-болуын, оның массасын, санын және заттың сипаттамасын ілеспе құжаттардың (тізімдеменің) мәліметтерімен сәйкестендіреді. Сонымен бірге уәкілетті органның өкілі Орталық комиссиясымен бірлесіп әрбір затты сынықтар мен алтын қалдықтарына немесе өткізуге жататын құндылықтарға жатқызуды жүзеге асырады. Алтын сынықтары мен қалдықтарын және өткізу үшін құндылықтарды бөлек буып-түйеді және оларды қойманың материалдық жауапты тұлғалары/Орталық комиссиясы, сондай-ақ уәкілетті органның өкілі пломбалайды. Жөнелтілімді ашу нәтижелері бойынша осы Қағидаларды 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актісі жасалады.
Құндылықтар санының жетіспеуі, артық болуы, масса, заттың атауы бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актісінде жазба жүргізіледі және тізімдеменің көшірмесіне жазылады.
Көрсетілген күні уәкілетті органның өкілі келмеген жағдайда, Орталық келу күні келісілгенге дейін жөнелтілімді ашуды жүзеге асырмайды.
Құндылықтар салынған жөнелтілімді (қаптарды) уәкілетті органнан одан әрі Орталыққа жолдау үшін қабылдау кезінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы түбіртек береді.
Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын ала қабылдаудың актісін алғаннан кейін уәкілетті орган құндылықтарды қабылдаған Ұлттық банктің аумақтық филиалына құндылықтарды тапсыру түбіртегін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.
14. Орталықтың инкассалық қызметімен жеткізілген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталықтың материалдық-жауапты тұлғалары алдын ала қабылдау кезінде қаптың, байланған жіптің және пломбының бүтіндігі, пломбы оттискілерінің үлгіге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, құндылықтар салынған жөнелтілім (қап) жауапты сақтауға қойылып, еркін нысандағы жауапты сақтауға қабылдау актісі ресімделеді/
Аталған факті бойынша Орталық құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жеткізілген күннен бастап (3) үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қабы бүлінген жөнелтілімнің ішінде құндылықтардың бар екенін комиссиялық тексеру кезінде оның өкілінің қатысу қажеттілігі туралы жазбаша ескерту хатын жолдайды.
Өкіл келген соң қойманың материалдық-жауапты тұлғалары/Орталық комиссиясы уәкілетті орган өкілінің қатысуымен құндылықтары бар жөнелтілімді (қапты) ашады және әрбір заттың бар-болуын, оның массасын, санын және заттың сипаттамасын ілеспе құжаттардың деректерімен (тізімдемемен) салыстырып тексереді. Жөнелтілімді ашу нәтижелері бойынша құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актісі жасалады.
Құндылықтар саны немесе олардың тізімдеме деректерінен асып кетуі сәйкес келген кезде құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын ала қабылдаудың актісі және құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актісі ресімделеді.
Құндылықтар санының жетіспеуі анықталған жағдайда жөнелтілім (қап) қайта жауапты сақтауға еркін нысанда акті жасау арқылы қойылады, ол туралы кінәлі адамдарды анықтау және шығындарды (залалды) өндіріп алу жөніндегі тиісті шаралар қабылдағанға дейін ашу актісінде жазба жүргізіледі.
15. Ұлттық банктің аумақтық филиалдарының және Орталықтың ғимаратына/аумағына құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) әкелерде (кіргізерде) радиоактивтілікке бақылау өлшеу жүргізіледі. Радиациялық сәуле шығарғыштығы "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) нормативтерден жоғары жөнелтілімдер Ұлттық банктің аумақтық филиалдарының және Орталықтың ғимаратына/аумағына әкелуге (кіргізуге) жатпайды және тез арада қайтарылуы тиіс.
16. Құндылықтары бар бір жөнелтілім 2 (екі) мың данадан аспайтын заттардан (тізімдемеге сәйкес) тұрады.
Жөнелтілімдерді ашқаннан кейін Орталық комиссиясы сынамалар мен құндылықтардың түрлері бойынша сынықтар мен алтын қалдықтары түріндегі құндылықтарды түпкілікті қабылдауды және сұрыптауды жүргізеді.
Соңғы қабылдау мен сұрыптау үшін Орталықтың комиссиясына жөнелтілімді (қапты) беру осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жөнелтілімді қоспағанда, жөнелтілімдердің түсу кезектілігі тәртібінде жүзеге асырылады.;
17. Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау нәтижелері осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ресімделген қабылдау және сұрыптау актісінде көрсетіледі және түпкілікті болып табылады. Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актісінде ілеспе хатта көрсетілген және Орталықта бағалы металдардың салмағы мен сынамасын анықтау, зергерлік қоспаларды жіктеу және салмағын анықтау нәтижесінде алынған әрбір қосымшаның мәліметтері жазылады.
Массасы өзгеруге бейім құндылықтар (құндылықтар ағашпен, гипспен, конифольмен, былғары белдіктерімен, матамен, маржанмен, інжумен және басқа гигроскопиялық материалдармен, сап бағалы металдармен жасалған) және уақыт өте келе қалай көбейсе, солай азаюы мүмкін бұйымдар жалпы салмағы бойынша ғана есептеледі. Осындай құндылықтарды сап бағалы металдар мен гигроскопиялық материалдармен құндылықтарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес форма бойынша салмақтың өзгергені көрсетіліп карточкалармен сәйкес есепке алу жүзеге асырылады, олар құндылықтары бар орынға бұйымдармен бірге салынады. Салмақтың барлық өзгерістері мүмкін болып табылады және қабылдау және сұрыптау актілерінде, құндылықтарды біріктіру актілерінде, ашу және құндылықтарды соңғы өлшеу актілерінде салмақтың өзгеру себебін көрсету арқылы өлшенген мезгілдегі нақты жалпы салмақ көрсетіледі.
Химиялық таза массаны анықтау мүмкін емес құндылықтар жалпы масса бойынша ескеріледі.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес алтын сынықтарға жатқызылған құндылықтар жақын маңдағы төменгі сынамалар бойынша тиісті бағалы металдың алтын сынықтары ретінде есепке алынады (ҚР СТ 967-2018-Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар. Техникалық шарттар.).
Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары (құрамында алтын бар сынықтар мен қалдықтарды қоспағанда) және құндылықтарды қабылдау және сұрыптау нәтижесінде пайда болған қалдықтар (желім, сынықтары бар тастар, жіптер және басқалар) осы Қағидалардың 26-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға қайтарылады.
22. Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау кезінде бағалы металдардың тиісті түрлерінің "сынық" түріне сыныққа жатқызылу себептерін көрсете отырып, мынадай құндылықтар жатады:
тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы жоқ, бүлінген, өзгерген, жинақталмаған бұйымдар;
бағалы металдардан жасалған толық салмағы жоқ бүлінген монеталар;
бағалы металдардың сыртқы түрі, таңбалануы, массасы және құрамы бойынша ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін бағалы металдардың құймалары.
Бұйымдардың тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығын айқындауды құндылықтар есепте тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.
Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылықтарға жатқызылған құндылықтар тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік мұражайға өтеусіз берілуі мүмкін.
Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылықтарға жатқызылған және мемлекеттік мұражайларға талап етілмейтін құндылықтар осы Қағидалардың 43-2 тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Алтын сыныққа жатқызылған құндықтарға ендірме қойылады, бұйымдар иесіздендіріп құнды металдардың түрлері және сынамалары бойынша біріктіріледі.
Сынықтар сынығы жеке қосымшаларға 15 (он бес) килограмнан аспайтын біріктіріледі.";
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Барлық құндылықтар оларды қабылдап, өңдеп, сұрыптап және құндылықтардың белгілі бір түріне жатқызылғаннан кейін (құндылықтардың түрі мен сынамасына, зергерлік қоспалардың бар болуы мен түрі бойынша) біріктіру кезеңінен өтеді. Біріктіру түрі және сынамасы бір құндылықтар бар жеке орындардың жинақталуы бойынша Орталық өкімімен жүзеге асырылады. Құндылықтарды біріктіру нәтижесі осы Қағидалардың 6-қосымшағына сәйкес формада жасалған актіде көрсетіледі, оған құндылықтардың түрі және сынамасы жөніндегі тізімдеме қоса тіркеледі. Зергерлік сынамалы бағалы металдардың сынығының тізімдемесі жасалмайды.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Орталық жыл сайын, ағымдағы жылдың 1 (бірінші) шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға сатуға жататын құндылықтарды алу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган сауда ұйымы болған кезде Орталықтан хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бағалау және өткізу жүргізу үшін құндылықтар алуды қамтамасыз етеді.
Сауда ұйымы болмаған жағдайда бағалау және өткізу үшін Орталықтан құндылықтар алу мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Құндылықтарды бағалау уәкілетті орган құндылықтары салынған жөнелтілімдерді ашу актісін алғаннан кейін жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
"39-1. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес құндылықтарды тіркеуге қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына құндылықтар туралы мәліметтерді: атауы, түрі , үлгі, масса, саны енгізуді қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актілері, құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актілерінің, біріктіру актілерінің негізінде оларды Орталықтан алу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталындағы құндылықтар туралы мәліметтерді түзетуді жүзеге асырады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Құндылықтарды түгендеуді Комитет кемінде жылына бір рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің келісімімен жүргізеді. Құндылықтар салынып қапталған орындарды бақылау өлшеуі кезінде осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес Ашу және бақылау өлшеуі актісімен рәсімделеді.
Құндылықтарға соңғы өлшеу жүргізгенде олардың сапасын, зергерлік қойылымдардың сипаттамасын тексеруге, сондай-ақ, оларды белгіленген құндылықтардың түріне жатқызуды анықтауға рұқсат етіледі.
Орталықта құндылықтарды рәсімдеу нәтижелері екі данада түгендеу актімен рәсімделеді. Ашу және бақылау өлшеуі актілері түгендеу актісіне қоса беріледі.
Осы Қағидаларға 11 қосымшаға сәйкес құндылықтарды ашу және бақылау салмақтау актісін ресімдей отырып және алдыңғы жапсырманы міндетті түрде сақтай отырып Орталыққа өзінің ішкі қағидаларына сәйкес құндылықтары бар орындарға дербес тексеру жүргізуге жол беріледі.";
41, 41-1 және 41-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Орталықтың өткізу және объектішілік режимі бойынша талаптар сақталған жағдайда Орталықтан құндылықтарды беру сатушының өкілдеріне сауда ұйымы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Орталық құндылықтарды бергеннен кейін оларды сақтауды және өткізуді сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) негізінде қамтамасыз етеді.
Құндылықтарды қабылдағаннан кейін сауда ұйымы құндылықтарды өткізу нүктесіне дейін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Сақтауға берілген құндылықтар сатуға дейін бағалануы тиіс. Құндылықтарға бағалауды жүргізу кезінде сауда ұйымы бағалаушының кіруін қамтамасыз етеді. Оларға бағалауды жүргізу үшін бағалаушының құндылықтарды ашуы және қарауы уәкілетті орган және сауда ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалауды жүргізу үшін құндылықтарды ашу актісі жасалады.
Бағалау құны айқындалғаннан кейін сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шартта (комиссияда) көрсетілген сатушының шотына өткізу үшін алынған құндылықтардың құнынан елу пайыз мөлшерінде ақшалай қамтамасыз етуді енгізеді.
Сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) талаптары бойынша барлық міндетті орындағаннан кейін ақшалай қамтамасыз ету сауда ұйымының банктік шотына қайтарылады.
41-1. Сатушы:
1) комиссия шешімінің негізінде құндылықтардың алғашқы бағасын анықтайды;
2) комиссия шешімінің негізінде құндылықтарды сатуға шығару мерзімдері мен ұзақтығын және құндылықтарды сатудан алып тастау күнін анықтайды;
3) сауда ұйымдарының құндылықтарды сату барысын бақылауды жүзеге асырады;
4) сауда ұйымдарымен есеп айырысуды жүзеге асырады;
5) құндылықтарды сату үшін қажетті басқа іс-шараларды өткізеді.
41-2. Сауда ұйымы құндылықтарды сатуға шығару немесе сатудан алып тастау туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында немесе сауда ұйымының веб-сайтында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Хабарламада әрбір бұйымның атауы мен бағасы, өндіруші ел (егер мәлім болса), бағалы металдың түрі, саны, көздер саны және түрі (сипаттамалары), сынамасы, жалпы массасы көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 41-3-тармақпен толықтырылсын:
"41-3. Өткізу үшін құндылықтарды сараптау және (немесе) таңбалау мынадай:
атаулы белгінің бедері, сондай-ақ "Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 бұйрығымен айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32861 болып тіркелген) уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынауға және таңбалауға жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды қоспағанда, өндіріс субъектісі қойған сынама таңбасы жоқ;
сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы сатыларында сараптама жүргізілмеген жағдайларда жүргізіледі.
Өткізу үшін құндылықтарды сараптау және (немесе) таңбалау уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті ұйыммен жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың негізінде "Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13760 болып тіркелген) Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
42, 43 және 43-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бойынша құндылықтарды сату ашық сауда-саттыққа құндылықтарды шығару арқылы сауда ұйымдарымен жүзеге асырылады.
43. Құнын анықтағаннан кейін сатушы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әрбір бұйымның атауын, шығарған елін (егер белгілі болса), бағалы металдың түрін, санын, ендірме санын, сынамасын/құрамын, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағын (оларды есептеу мүмкіндігі кезінде), ендірме сипаттамасын көрсете отырып, өткізілетін құндылықтар туралы ақпаратты тізілім веб-порталына енгізуді қамтамасыз етеді.
Сауда ұйымы белгілі сауда маркаларына (брендтеріне) жататын құндылықтарды және мемлекеттік мұражайлар талап етпейтін тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылықтарды қоспағанда құндылықтарды сауда ұйымдары арқылы сақтауға және сатуға беру осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде жүзеге асырылады.
Сауда ұйымы құндылықтарды осы Қағидалардың 41-1-тармағына сәйкес айқындалған әрбір құндылықтың бастапқы бағасын көрсете отырып, сатушыдан хабарламаны алғаннан күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей ашық сауда арқылы сатуға шығарады.
Сауда ұйымы барлық тілек білдірушілерге құндылықтарды тексеруге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Құндылықтардың құнын сатушының хабарламасында көрсетілген олардың алғашқы бағасынан төмен сатуға жол берілмейді.
Құндылықтарды сату жүзеге асырылады. Хабарламада оларды сатқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген деректемелер бойынша аударылуы тиіс.
Сауда ұйымы сатушыға мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес құндылықтарды сату барысы туралы айсайынғы есепті ұсынады.
43-1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) қолданылу мерзімі өткеннен кейін сатылмаған құндылықтар қалған жағдайда, сауда ұйымы құндылықтарды құнның қайсысы барынша жоғары болуына байланысты олардың алғашқы бағасы бойынша не құндылықтардағы бағалы металдардың химиялық таза массасының құны бойынша LBMA орташа өлшенген бағасы және сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күніне ұлттық валютаның АҚШ долларына ресми бағамы бойынша сатып алады.
мынадай мазмұндағы 43-2-тармақпен толықтырылсын:
43-2. Белгілі сауда белгілеріне (брендтеріне) жататын құндылықтарды және мемлекеттік мұражайлар талап етпейтін тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылықтарды сатушы аукциондық сауда-саттықта Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 10813) Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен өткізеді.
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (комиссия) жасау үшін сауда ұйымын анықтауды сатушы мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Сақтау мен сату туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) тараптардың іс-әрекеттерін, құндылықтарды сақтау және сату талаптарын, сатып алушыға меншік құқығы өткенге дейін құндылықтардың сақталуы мен мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілікті және өзге де ережелерді қарастырады.";
осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі
нысан
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүліктің теңгеріміне нақты алу туралы салыстыру актісі
№ | Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдап алу-беру актісінің нөмірі және күні | Мүлікті қамтамасыз ету (өткізу) туралы шешімнің нөмірі мен күні, мүлікті қабылдау-тапсыру актісі | Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның деректері бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берілген (бекітілген) | Мемлекеттік заңды тұлға бойынша теңгеріміне қабылданған | ||||||
Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бағалау құны, теңге | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бағалау құны, теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Осы салыстыру актісі жоғарыда көрсетілген мүліктің _________ (уәкілетті органның/жергілікті атқарушы органның атауы) және _________ теңгеріміне қабылдағанын (мемлекеттік заңды тұлғаның атауы) растайды.
Уәкілетті органның/жергілікті |
Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы: |
___________ ___________ ____________ |
___________ ___________ ____________ |
Мөрдің орны | Мөрдің орны |
нысан
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы)
№______дана БЕКІТЕМІН Директор (Директордың орынбасары) ______тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда) "__"___________ 20___ жыл |
№____құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актісі
Иесі: клиенттің атауы
Жіберуші: жіберушінің атауы
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) материалдық жауапты тұлғаларының: _______________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), құрамындағы комиссия ______ №________ өкімінің негізінде, уәкілетті орган өкілінің қатысуымен _______________лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) № __ ______ күнгі ________ актінің атауы актісі бойынша түскен № ______ құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу жүргізді.
Құндылықтар қаптамасының суреттемесі: __________________________.
№ | Ілеспе құжаттардың, актісінің атауы, нөмірі және күні | Акті бойынша көрсетілгені (дана, орын, салыным) | Нақты бары (дана, орын, салыным) | Саны бойынша айырым |
№ | Бірегей нөмірі | Ілеспе құжаттар бойынша көрсетіледі | |||
Тізімдеме актісі бойынша нөмірі | Құндылықтардың сипаттамасы | Саны, дана | Жалпы массасы, грамм/карат | ||
кестенің жалғасы
Ашу кезде бар болғаны | Айырмашылықтар (+)- | Ескертпе | |||
Құндылықтардың сипаттамасы | Саны, дана | Жалпы массасы, грамм/карат | Саны, дана | Масса, грам/карат | |
Комиссияның жазғаны:
Материалдық жауапты тұлға
лауазымы________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Материалдық жауапты тұлға
лауазымы________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Уәкілетті органның өкілі
лауазымы________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қатысқандар: лауазымы ______ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қатысқандар: лауазымы ______ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Акт 2 (екі) данада жасалды: бірінші данасы Орталықта қалады, екінші данасы уәкілетті органға жолданады, көшірменің бір данасы Орталықтың бухгалтерлік қызметіне жолданады.
Есептік № есепке алу нөмірі күні
Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
нысан
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы)
№______дана БЕКІТЕМІН Директор (Директордың орынбасары) ______тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда) "__"___________ 20___ жыл |
№____ қабылдау және сұрыптау актісі
Иесі: Клиенттің атауы | Дана Парақтар Парақ |
Алдын ала қабылдау актісі күні нөмірі
Тапсырушы:
Жөнелтілімнің нөмірі:
Жеткізушінің деректері бойынша бағалау құны (мәлімет бар болғанда): санмен (жазумен)
Жөнелтілім күні № нөмірі өкім бойынша ашылды.
Иесінің мекенжайы:
№ | Ілеспе құжаттар бойынша көрсетілгені | Қабылдау және сұрыптау кезінде бар болғаны | ||||||
Ілеспе құжаттың атауы, № мен күні | Саны, дана/ жиынтық | Жалпы массасы, грамм | Сынамасы | Құндылықтың сипаттамасы | Саны, дана | Қоспалар саны, дана | Сынама/ құрамы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Қабылдау және сұрыптау кезінде бар болғаны | Айырмашылықтар (+) - | Орталықтың есеп шотының нөмірі | ||||
Масса | ||||||
жалпы, грамм/карат | бағаны кеміту грамм/карат | лигатуралық, грамм | химиялық, таза, грамм | Саны, дана | Массасы, грамм | |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Жөнелтілім бойынша барлығы:
Оның ішінде сынамалары бойынша
Шот бойынша барлығы:
есептің атауы шоты бойынша жиыны
Біріктірілгенге дейінгі есептің атауы шоты бойынша барлығы
Біріктірілгеннен кейінгі есептің атауы шоты бойынша жиыны
Жолдамалар бойынша барлығы:
комиссияның қорытындысы
Құндылықтар оларға сынамалар қойылып диагностикадан өткізіліп қабылданды:
Сарапшы тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)
Бақылаушы тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)
Тастардың сапасы, массасы және есебі бойынша қабылданғанын растаймын:
лауазымы тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)
Нәтижелер жазылған актіде құндылықтардың тапталған өнімдерін растаймыз:
лауазымы тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)
лауазымы тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)
Акт 2 (екі) данада жасалды: бірінші данасы Орталықта қалады, екінші данасы уәкілетті органға жолданады, көшірменің бір данасы Орталықтың бухгалтерлік қызметіне жолданады.
Есептік № есепке алу нөмірі күні
Орындаушы: тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)
нысан
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы)
№______дана БЕКІТЕМІН Директор (Директордың орынбасары) ______тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда) "__"___________ 20___ жыл |
№______ құндылықтарды біріктіру актісі
Иесі: клиенттің атауы
Құндылықтардың атауы: есеп шоттың атауы
Жалпы массасы, грамм жалпы массасы, грамм
Саны, дана: саны, дана
Саны, орындар: саны, орындар
Актілер: құжаттың атауы № нөмірі күні
№ нөмірі күні өкімі бойынша ашылады
№ | Акт бойынша саналды | Ашу кезінде бар болғаны | |||||||||
актілердің нөмірі, күні | Массасы | сынама/ құрамы | саны, дана | жалпы массасы, грамм/карат | саны, дана | Айырмашылығы | |||||
жалпы, грамм/карат | бағаны кеміту, грамм/карат | лигатурлық, грамм | химиялық таза, грамм | массадағы, грамм | санындағы, дана | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
есеп атауы | есеп атауы | Бағасы | Сомасы | ||||||||
сынама сынама (құрамы) | сынама сынама | ||||||||||
жалпы массасы, грамм/карат | саны, дана | оның ішінде: | жалпы массасы, грамм/карат | саны, дана | оның ішінде: | ||||||
атауы | жалпы массасы, грамм/карат | саны, дана | атауы | жалпы массасы, грамм/карат | саны, дана | ||||||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Актілер бойынша біріктіру нәтижесінде: құжаттың атауы күні № нөмірі | |||
Қалыптастырылды: | |||
Саны, орын саны, орын | |||
Шот бойынша: шоттың атауы | орын № орын нөмірі | орын № орын нөмірі | |
Сынама: | сынама | сынама | |
Саны, дана | саны | саны | |
Жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | |
Бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | |
Лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | |
Химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | |
Шот бойынша шоттың атауы |
орын № орын нөмірі |
орын № орын нөмірі | |
Жалпы массасы, грамм/карат |
Лигатуралық массасы, грамм |
Жалпы массасы, грамм/карат | |
Біріктірілгенге дейін "Алтын сынық" есеп бойынша: | |||
Лигатуралық массасы, грамм | |||
Химиялық таза массасы, грамм | |||
Есептелмейтін қалдықтар (қалдықтарды сипаттау), грамм | |||
Біріктірілгеннен кейін есепке алынатын айырмашылықты есептеу: | |||
Есептің атауы есеп бойынша: | |||
Сынама: | сынама біріктірілгенге дейін | Айырмашылық | Біріктірілгеннен кейін |
Саны, дана | саны | саны | саны |
Жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм |
Бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат |
Лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм |
Химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм |
Біріктірілгеннен кейін "Алтын сынық" есеп бойынша: | |||
Сынама: | сынама біріктірілгенге дейін | Айырмашылық | Біріктірілгеннен кейін |
Жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм |
Жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат |
Лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм |
Химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм |
Есептелмейтін қалдықтар (қалдықтарды сипаттау) | |||
Жалпы массасы, грамм | Біріктірілгенге дейін жалпы массасы, грамм | Айырмашылық жалпы массасы, грамм | Біріктірілгеннен кейін жалпы массасы, грамм |
Біріктірілгеннен кейін барлығы: | |||
Біріктірілгенге дейін | Айырмашықы | Біріктірілгеннен кейін | |
Саны, дана | саны | саны | саны |
Жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм | жалпы массасы, грамм |
Бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат | бағаны кеміткендегі массасы, грамм/карат |
Лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм | лигатуралық массасы, грамм |
Химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм | химиялық таза массасы, грамм |
Комиссияның қорытындысы | |||
Сарапшысы | тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда) | Бақылаушы | тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда) |
Тастардың сапасы, массасы және шоттары бойынша қабылданғанын растаймын: | лауазымы | тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда) | |
Актіде көрсетілген құныдылықтарды өңдеу нәтижелерін растаймыз: |
Акт 2 (екі) данада жасалды: бірінші данасы Орталықта қалады, екінші данасы уәкілетті органға жолданады.
Есептік № есепке алу нөмірі күні
Орындаушы: тегі, аты, әкесі аты (ол болған жағдайда)