Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № а-8/197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29153 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | К.Алимжанов |