Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № а-8/197 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29153 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Калжанов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 10 тамыздағы
№ а-8/197 қаулысына
қосымша

Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Атбасар қаласы, Поселок КСМК көшесі, "Достық Синтез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының артында

100

"Седа" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5

2

Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, "Атбасар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

80

"МирНур" дүкені,
"Атбасар" сауда орталығы

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5

3

Атбасар қаласы, Казахстанская көшесі, "Автодом" техникалық қызмет көрсету станциясына қарама-қарсы

80

жоқ

Ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5

4

Атбасар қаласы, Ә.Майкөтов көшесі, "Теміржолшылар" саябағындағы "Разноторг" дүкенінің оң жағында

100

жоқ

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5

5

Атбасар қаласы, Поселок ЖБК көшесі, № 3 үйдің сол жағында

50

"Альянс",
"Дарья" дүкендері

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады