"Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № а-8/197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық әкімдігінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/19 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 22 қаңтарда № 8887-03 болып тіркелді

      Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № а-8/197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29153 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі К.Алимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады